Спортты жаны сүйген жасөспірімдерді шыңдайтын бірегей жоба бүгінде қанатын кеңге жайып келеді. Айтулы шара тұрмыстық жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға арналған. Бұл жолы шаһардың Наурызбай ауданында өткен спорттық додаға Алматы қаласы және Алматы облысынан 150-ге тарта бала қатысты.
Еркін күрестен бақ сынаған балғын балуандар екі жас ерекшеліктері (9 бен 13) бойынша бозкілемді шаңдатты. Жарыс Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтіп отыр. Ұйымдастырушылар сайыстың мақсаты – өскелең ұрпақты спортқа баулып, салауатты өмір салтын насихаттау екенін айтады.
«Іс-шараның басты мақсаты - жастардың спортқа деген көзқарасын өзгерту, өйткені балалар қазір ұялы телефон немесе теледидар, компьютер деп үйде отырып қалады. Болмаса сандалып далада жүреді. Сол себептен балалардың барлығын біз жаттығу залына тартып жатырмыз», – дейді «Батыл бол» жобасының жетекшісі Мұхтар Тұрсынов.
АЛМАТЫ