Аймақтар • 14 Қазан, 2019

Алматыда жарылған су құбыры қалпына келтіріледі

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматының коммуналдық қызметшілері Бөкейханов-Райымбек көшелері маңындағы жарылған жылу желісін қалпына келтіруде. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматыда жарылған су құбыры қалпына келтіріледі

Тоғыз бригада бүгін талтүсте Бөкейханов көшесі мен Райымбек даңғылының қиылысына жақын учаскедегі жылу желісінің апатын жою жұмыстарымен айналысуда.

Апаттың болу себебі - 1971 жылы пайдалануға берілген 700 мм диаметрлі құбыр желісінің тозуы.

Қазіргі кезде жылы су сорып алынуда және істен шыққан құбыр желісінің сегменті ауыстырылуда.

АлЖЖ мен Алматы әкімдігінің Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшылары жағдайды өз бақылауларына алған.

Бірнеше сағаттар ішінде тұтынушыларға ыстық су берілетін болады.

 

АЛМАТЫ