13 Наурыз, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №44

267 рет
көрсетілді
15 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №44

Сәрсенбі, 13 наурыз 2013 6:30

2013 жылғы 25 қаңтар  Астана, Үкімет Үйі

«Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны белгiлеу қағидаларын және Шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудiң қағидалары мен шарттарын бекiту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

1. «Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны белгiлеу қағидаларын және Шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудiң қағидалары мен шарттарын бекiту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 23, 323-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудiң қағидалары мен шарттарында:

10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсатты алу үшiн жұмыс берушi не ол уәкiлеттiк берген тұлға «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде шетелдiк жұмыс күшiнiң еңбек қызметiн жүзеге асыру орны бойынша уәкiлеттi органға осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес құжаттарды қоса отырып, осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес өтiнiш бередi.

11. Осы Қағидалардың 10, 16, 30, 34, 36, 41 және 45-тармақтарында көзделген құжаттар толық көлемде берiлмеген және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған жағдайда уәкiлеттi орган олар келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде рұқсатты беруден, мерзімін ұзартудан бас тартады және берілмеген құжаттарды және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған құжаттарды көрсете отырып, құжаттарды жұмыс берушiге қайтарады.»;

25, 26, 27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«25. Уәкiлеттi орган шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру не беруден бас тарту, ұзартудан бас тарту туралы қабылданған шешiм жөнiнде жұмыс берушiге оны қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі арқылы немесе жазбаша хабарлайды.

26. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беруден бас тарту не ұзартудан бас тарту туралы шешiм қабылданған жағдайда уәкiлеттi орган осы Қағидалардың 38-тармағына сәйкес оның негiздерiн көрсетедi.

27. Жұмыс берушi шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру туралы хабарламаны алғаннан кейiн уәкiлеттi органға жиырма жұмыс күнi iшiнде рұқсаттың қолданылуы тоқтатылғаннан кейiн шетелдiк жұмыс күшiнiң Қазақстан Республикасынан кетуiне кепiлдiк беретiн құжаттарды (банк пен жұмыс берушi арасындағы шарттың, жұмыс берушiнiң банк шотына кепiлдiк жарнаның енгiзiлгенiн растайтын құжаттың) «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде ұсынады.

28. Уәкiлеттi орган осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетiлген құжаттардың көшiрмесiн алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде жұмыс берушiге рұқсат береді.

Жұмыс берушi үш жұмыс күнi өткен соң рұқсат алуға келмеген жағдайда, уәкiлеттi орган пошталық жөнелтiлiмдi алу туралы хабарламаны ала отырып, рұқсатты жұмыс берушiнiң тiркелген мекенжайы бойынша пошта арқылы жiбередi.»;

36-тармақта:

бірінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

«36. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсаттың мерзiмiн ұзарту үшiн рұқсаттың қолданылу мерзiмiнiң аяқталуына дейін кемiнде жиырма жұмыс күнiнен кешіктірмей «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде уәкiлеттi органға мынадай құжаттар жiберiледi:»;

5) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

«5) сканермен көшiрiлген рұқсаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi.»;

мынадай мазмұндағы 37-1-тармақпен толықтырылсын:

«37-1. Уәкiлеттi орган шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсаттың мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі арқылы жұмыс берушiге рұқсатты не рұқсаттың мерзімін ұзарту туралы хабарламаны қағаз түрінде жібереді.

Жұмыс берушi рұқсатты ұзарту туралы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күнi өткен соң рұқсат алуға келмеген жағдайда, уәкiлеттi орган пошталық жөнелтiлiмдi алу туралы хабарламаны ала отырып, рұқсатты жұмыс берушiнiң тiркелген мекенжайы бойынша пошта арқылы жiбередi.»;

38-тармақта:

1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«1) бөлiнген квота мөлшерiнен асқан;

2) жұмыс берушi осы Қағидалардың 8-тармағында белгiленген шарттарды сақтамаған жағдайда;»;

4) тармақшадағы «орындалмаған жағдайларда берілмейді және ұзартылмайды.» деген сөздер «орындалмаған жағдайларда;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

«5) шетелдiк жұмыс күшiнiң бiлiм деңгейi (кәсiптiк даярлығы) мен практикалық жұмыс тәжiрибесi (стажы) Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығы мен Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшiлердiң бiлiктiлiк анықтамалығына сәйкес жұмысшылардың кәсiптерi мен басшылардың, мамандар мен қызметшiлердiң лауазымдарына қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда берiлмейдi және ұзартылмайды.»;

41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«41. Корпоративтiк ауыстыру шеңберiнде шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсатты алу үшiн пайдасына жұмыстар орындалатын, қызметтер көрсетiлетiн заңды тұлғаның өкiлi осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес құжаттарды қоса отырып, «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде уәкiлеттi органға өтiнiш береді.»;

мынадай мазмұндағы 44-1-тармақпен толықтырылсын:

«44-1. Уәкiлеттi орган, жұмыс берушi корпоративтiк ауыстыру шеңберiнде шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күнi ішінде, жұмыс берушiге «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде рұқсатты береді (жібереді).

Жұмыс берушi корпоративтiк ауыстыру шеңберiнде рұқсатты беру туралы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күнi өткен соң рұқсатты алуға келмеген жағдайда, уәкiлеттi орган пошталық жөнелтiлiмдi алу туралы хабарламаны ала отырып, рұқсатты жұмыс берушiнiң тiркелген мекенжайы бойынша пошта арқылы жiбередi.»;

көрсетiлген Қағидалардың 7, 9-қосымшалары осы қаулыға 1, 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетiлген Қағидалардың 11-қосымшасында:

3, 4, 5 және 6-тармақтар алынып тасталсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.

 

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы «25» қаңтардағы №44 қаулысына 1-қосымша

Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарына 7-қосымша

Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты алу үшін ұсынылатын құжаттар

1. Өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі келген ерекше шарттарының (олар болған жағдайда) орындалуы туралы ақпарат.

2. Тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні мен жылы, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі, орталық атқарушы орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атаулары көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер.

3. Тартылатын шетелдік қызметкерлердің біліктілігін растайтын құжаттар:

1) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған, сканермен көшiрiлген аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылған болса, көшірмелері);

2) оның бұрын істеген жұмыс берушісінің ресми бланкісінде жазылған қызметкердің еңбек қызметі туралы жазбаша растауы қоса берілген қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс стажы жөнінде біліктілік талаптары болған кезде) немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттардың сканермен көшiрiлген түрі.

4. Шетелдік жұмыс беруші мен тартылатын шетелдік қызметкер арасында жасалған еңбек шартының (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен) сканермен көшiрiлген нотариалды куәландырылған көшірмесі (егер шетелдік қызметкер осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес тартылса).

5. Жұмысты орындауға, қызмет көрсетуге арналған келісімшарттың сканермен көшiрiлген (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен) нотариалды куәландырылған көшірмесі (егер шетелдік қызметкер осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес тартылса).

6. Кадрлардағы қазақстандық қамту туралы ақпарат.

7. Жұмыс берушінің басқа әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шарттының, келісімшарттының (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен) сканермен көшiрiлген нотариалды куәландырылған көшірмесі (егер шетелдік қызметкер осы Қағидалардың 30-тармағына сәйкес тартылса).

8. Белгіленген нысаны бойынша рұқсат берудің ерекше шарттарын келісу.

Мыналарды:

1) осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген жағдайларда осы қосымшаның 1-тармағында көзделген;

2) маусымдық шетелдік қызметкерлер тартылған жағдайда осы қосымшаның 1, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-тармақтарында көзделген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

________________________

 

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы «25» қаңтардағы №44 қаулысына2-қосымша

Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарына 9-қосымша

Корпоративтік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты алу үшін ұсынылатын құжаттар

1. Ауыстырылатын қызметкерлердің кәсіптерін немесе мамандықтарын, паспортта немесе жеке куәлікте көрсетілген деректерге сәйкес тегін, атын, әкесінің атын, ауыстыру мерзімін көрсете отырып, шетелдік заңды тұлғаның корпоративтік ауыстыру туралы хатының және (немесе) келісімінің сканермен көшiрiлген нотариалды куәландырылған аудармасы (мемлекеттік және орыс тілдерінде).

2. Өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі келген ерекше шарттарының (олар болған жағдайда) орындалуы туралы ақпарат.

3. Тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні мен жылы, азаматтығы, төлқұжатының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі, орталық атқарушы орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атаулары көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер.

4. Тартылатын шетелдік қызметкерлердің біліктілігін растайтын құжаттар:

1) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған сканермен көшiрiлген аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылған болса, көшірмелері);

2) оның бұрын істеген жұмыс берушісінің ресми бланкісінде жазылған қызметкердің еңбек қызметі туралы жазбаша растауы қоса берілген қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс стажы жөнінде біліктілік талаптары болған кезде) немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттардың сканермен көшiрiлген түрі.

5. Кадрлардағы қазақстандық қамту туралы ақпарат.

6. Белгіленген нысаны бойынша рұқсат берудің ерекше шарттарын келісу.

Осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген жағдайларда осы қосымшаның 2-тармағында көзделген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.