Аймақтар • 15 Қазан, 2019

Түркістан: Ауылда жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Қызылжар ауылдық округінде жаңа дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді.

Түркістан: Ауылда жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

Аудан орталығынан 16 шақырым жерде орналасқан ауыл округінде емдеу орнының бұрынғы ғимараты тозығы жетіп, ескірген болатын. Облыс әкімдігінің қолдауымен салынған медициналық мекеменің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев, облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев және жергілікті тұрғындар қатысты. Халыққа дәрігерлік көмек көрсетуге арналған жаңа емдеу-профилактикалық мекемесі заманауи медициналық жабдықпен толық қамтылған. Халық саны жеті жарым мыңнан асатын Қызылжар ауылдық округінің жаңа емдеу мекемесінде қырыққа жуық медицина қызметкері жұмыс істейді. Ашылу салтанатына қатысқан ауыл тұрғындары, енді дертіне дауа іздеп алысқа табан тоздырмайтындарын айтып, алғыстарын білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Балық шаруашылығында береке бар

Шаруашылық • Бүгін, 09:35

Бір секундта қан тоқтатады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:30

Құрылтай қуаты

Пікір • Бүгін, 09:10

Айдағы қонақүй

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Тоқыма тылсымы

Көрме • Бүгін, 08:40

Энергетикалық нысандарды аралады

Энергетика • Бүгін, 08:35

Бес минуттың әсері

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30