Руханият • 16 Қазан, 2019

Күлкі керуені № 3

3818 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Күлкі керуені № 3

Күллі  әлемнің күлкісі

 Таксиске жанында отырған жолаушы:

 – Әйнегіңізді тазалап алмаймысыз, шашыраған лай-шалшықтан не көріп келе жатырсыз.

-Е, маған бәрібір...

-Қалайша?!

-Көзәйнегімді үйде қалдырып кетіппін.

                                                                                              ***

Үй иесі пәтер жалдаушы әйелге:

– Бірге тұрып жатқан «ағаңыз» көрінбейді ғой, аман-есен бе? – деді кекесін пішінмен.

-Дін аман. Тек, мұнда енді келмейді, басқа «қарындасын» тауып алған...

                                                                                             ***

 Түрме бастығы аралап көрушілерге бір қылмыскерді жақсылап таныстырып жатыр:

 – Бұл біздің мақтанышымыз... Ол мұнда алғаш түскенде әріпті таяқ деп қана ұғатын сауатсыз еді? Біз оның сауатын аштық, оқыттық-тоқыттық, енді міне жалған құжат жасағаны үшін отыр...

 ***

 Ері жұмысқа кетіп бара жатып:

 – Бүгін түнде боран соғып, бұрқасын болатын шығар?

 Әйелі:

 – Жұмыс бітіп,  оң-солға бұрылмай уақытысында үйіңді тапсаң, боран тұрмақ лүп еткен жел де болмайды...

***

 Әйел азамат полицейдің бөлімшесіне келіп, төрт күн үйіне түнемеген күйеуін тауып береулерін өтінеді.

 – Күйеуіңіздің ел-жұрттан бөлекше белгі-бедері бар ма еді?

 –  Жоқ, жып-жылмағай. Тек осыдан табылсын, белгі таңба түсіруге уәде беремін...