Футбол • 16 Қазан, 2019

Футбол: Македониямен тең ойнадық

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан 2021  жылы жалауы желбірейтін жастар арасындағы Еуропа біріншілігінің (U-21) іріктеу турнирінің кезекті турын сырт алаңда өткізген Қазақстан құрамасы Македониямен ұпай бөлісті.

Футбол: Македониямен тең ойнадық

Скопьедегі матчтың алғашқы жарты сағатында алаң иелері дамылсыз шабуылдады. Біздің айып алаңымызға бірнеше рет баса-көктеп кірген олар Мұхамеджан Сейсен қорғаған қақпаны жиі нысанаға алды. Оның ақыры гол соғылумен аяқталды. 20-минутта «Нитрудың» жартылай қорғаушысы Милан Ристовски өз командасын алға шығарды – 1:0.

Одан кейін де Македония құрамасы қарқынын еш бәсеңдеткен жоқ. Десек те бөтен алаңға әбден бой үйреткеннен кейін біздің жігіттер белсенді қимылдап, ара-тұра қарымта шабуылдар ұйымдастыра бастады. Соның бірі өз жемісін берді. 75-минутта Оралхан Өміртаев мергендік танытып, таразы басын теңестірді – 1:1. Бұл есеп кездесудің соңына дейін сақталды.

Қазіргі кезде Македония мен Қазақстан құрамалары «F» тобында екінші және үшінші орынды өзара бөлісуде. Әрқайсында 7 ұпайдан бар. Ал көш басында – Испания. Пиреней түбегінің түлектері 9 ұпайды олжалап отыр. Осы орайда, жерлестеріміздің жоғарыда аталған қос командадан екі ойын артық өткізгенін ескерген жөн