Жастар буыны арасындағы жарыста Рахат Бралин өзін жақсы қырынан көрсетті. Қазақтың дарынды спортшысы қысқа бағдарламаның нәтижесі бойынша 63,94 ұпай жиып, екінші орынды иеленді.
Бірінші орынға ресейлік Марк Кондратюк (71,75) көтерілді. Ал үздік үштікті беларуссиялық Евгений Пузанов (54,89) қорытындалады. Ертең жанкүйерлер еркін бағдарлама сайысын тамашалайды. Содан кейін нақты кімге қандай жүлде бұйыратыны белгілі болады.
Бишілер арасындағы бәсекеде Анна Шнайдер мен Федор Варламов бақ сынауда. Алғашқы жаттығу түрі бойынша өткен жарыстан кейін отандастарымыз 28 жұптық арасынан жетінші орынға табан тіреді. Олардың еншісінде 54,92 ұпай бар.