Салтанатты шараға Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова, ҚР Энергетика министрлігі және «Шелл» компаниясының өкілдері қатысты.
Назарбаев Зияткерлік мектебінің аумағында «Шелл» компаниясы қуаты 100 Квт/сағ. фотоэлектрлік күн панельдерімен жабдықталған арнайы тұрақтар орнатты. Фотоэлектрлік станция күн сәулесін фотоэлектрлік модульдер арқылы түрлендіру арқылы электр энергиясын өндіреді. Олар мектептің жылдық энергия тұтынуының 20% үнемдейді және артық өндірілген электр энергиясын қалалық желіге жіберуге мүмкіндік береді.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев «Мектептерге күн энергиясы» жобасы облыстағы «жасыл экономиканы» енгізуде үлкен қадам екенін айтты.
Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова жобаның STEM-білім беруді енгізудегі, оқушылардың экологиялық мәдениетін тәрбиелеудегі маңызын атап өтті.