Спорт • 17 Қазан, 2019

Жерлесіміз атақты бапкердің қол астында жаттығуда

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның танымал сырықпен секірушісі Роман Лошкарев қазіргі кезде Мәскеуде атақты бапкер, Ресей Федерациясына еңбек сіңірген жаттықтырушы Геннадий Габрилянның қол астында жаттығуда.

Жерлесіміз атақты бапкердің қол астында жаттығуда

Бұл маманның есімі жанкүйерлерге жақсы таныс. 56 жастағы Геннадий Габрилян атақты Мария Ласицкененің жеке бапкері. Сырықпен секіру спортын серік еткен айтулы спортшы 2015, 2017 және 2019 жылдары әлем чемпионы атанды. Одан бөлек, ол құрлық біріншілігі мен көптеген халықаралық жарыстарда топ жарған. 26 жастағы Ласицкененің жеке рекорды ­– 206 сантиметр.  

Әрине, Роман Лошкарев ондай табысымен мақтана алмайды. Десек те жерлесіміз әйгілі бапкердің қол астында жаттығып жүргеніне өте риза. Алдағы уақытта ол өз нәтижелерін жақсартып, аса ірі халықаралық додаларда жүлде алуды көздеуде.