Қоғам • 17 Қазан, 2019

Тарифтен табысқа дейін

231 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Елордада электронды төлем жүйесін енгізу нәтижелері тақырыбына арналған «Қоғамдық көлік: реформалау және даму жолдары» атты конференция өтті. Жиынға қатысушылар сараланған тарифті енгізгеннен кейін қоғамдық көлік жұмысында қандай өзгерістер болғанын айтып, оны енгізудің қорытындысын шығарды.

Тарифтен табысқа дейін

Иә, 2011 жылдың сәуір айын­да қала әкімдігінің қау­лысы бойынша Астана қаласы­ның Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының қатысуы­мен «Астана LRT» компаниясы құрылған болатын.

Компанияның негізгі атқа­ра­тын міндеттері – қаланың кешен­­ді көлік сызбасын әзір­леуге қаты­су, зияткерлік көлік жүйесін ен­гізу, көлік ағын­дарын басқару, әртүр­лі шешім­дер арқылы жол­дар­­дың жүк­те­месін азайту, қо­ғам­­­дық кө­лік­ті диспетчерлеу, қо­­ғам­дық көлік саласындағы құ­­қық бұзу­шылықты айқындау мен жою, жол ақысын төлеудің элек­т­ронды жүйесіне (ЖТЭЖ) қыз­мет көрсету, қоғамдық көлік­тің бағ­дар желісін жаңғыр­ту, кө­лік мам­анд­арын оқыту жә­не бас­қа­лар. Бұл қала ауқы­мын­­да көлік са­ла­сын­дағы атал­ған міндеттерді ат­­қа­ратын Қазақ­стандағы жалғыз ком­пания екенін айта кеткен жөн.

Соңғы 10 жылда елорда халқы 2 еседен астам өскені бел­гі­лі. Қалада бірнеше шағын аудан салынды, жаңа көшелер, адам­дар­дың жаппай тартылу орындары пайда болды. Қала­мен бірге халықтың көлік­тік қамтамасыз етуге қажеттілігі де қатар өсу­де. Қазір елорда тұр­ғындары еуро­­па­лық дең­гейдегі жайлы ав­то­бус­тарды қалыпты жағдай деп қабыл­дайды. Ал 5-6 жыл бұ­рын елордада талаптарға сай емес автобустар қатынайтын еді. Мүмкіндігі шектеулі адам­дар­дың қажеттіліктері ескерілмей­тін ескі, суық автобустар көп бол­ды. Қаланың автопаркін жа­ңар­ту міндеті «Астана LRT» кәсіп­орнына жүктелді. 2014 жыл­дан бастап 2018 жылға дейін City Bus жобасы аясында 738 автобус сатып алынған. Бұл ретте талаптарға сай емес 400 ес­кірген автобус желіден шы­ға­рыл­ған. Осылайша жыл­­жымалы құрам 70%-ға жа­ңар­тыл­ды. Ал ав­тобус­тардың 73%-ы тұрғындардың қоз­ғалы­сы шектеулі топтары үшін қол­жетімді бола бастады. Биыл «Астана LRT» ЖШС Yutong маркалы 100 электробус сатып алу туралы шартқа қол қой­ған-ды. Жаңа автобустарды сатып алу қаланың бағдар желісін ауқымды түрде жаңғырту­ға мүм­кіндік берді. 2013-2014 жыл­дары шетелдік сарапшыларды тарта отырып, талдау жүргізілді. Соның нәтижесінде 70 бағдар оңтайландырылып, 35 жаңа бағдар іске қосылған. Жаңалық­тар енгізілгенге дейін өте ұзақ қалалық бағыттарға көліктер кейде қатынап, кейде мүлдем қатына­майтын еді. Қазір қала маңындағы автобустар күн­делікті 29 елді мекеннің 50 мың тұр­ғынын тасымалдайды.

«Қоғамдық көлік үшін BusLane арнайы жолағы бөлін­ді. Бүгінгі таңда ұзындығы 77 шақырым 24 жол учаскесі қам­­тылды. BusLane арқылы бағ­дар желісінің негізі қалып­тасып, магистралды көшелер қамтылды. Бұл шара аялдамаларда автобус­ты күту уақытын 24%-ға қыс­­қартуға мүмкіндік берді. Зият­­керлік көлік жүйесі шең­бе­рін­­де қоғамдық көлікті дис­пет­чер­леудің бірыңғай жүйесі енгі­зілді. Заманауи GPS үйлес­тіру жабдығы, бақы­­лау сезбектері, сондай-ақ авто­бус­тардың қоз­ғалыс кес­тесін бейімді басқару онлайн режімде автобустарды бақылау мен басқаруды дұ­рыс жолға қоюға мүмкіндік бер­ді. Нәтижесінде келесідей ереже бұзу­шы­лықтар тыйылды, яғни бекітілген бағдарды бұзу, аялдамадан тоқ­тамай өтіп кету, ауысымды уақы­ты­нан бұрын аяқтау және т.б. Сон­дай-ақ тұрғындардың авто­бус қозғалысы туралы ақпа­ратқа қолжетімділігі қамта­масыз етіл­ді. Бақылау онлайн ғана емес, со­нымен қатар желіде де жүзеге асы­рылады. Көлік­тік бақылау департаменті құрыл­ды. «Астана LRT» жанынан құ­рыл­ған көлік­тік бақылау департаменті менед­жерлері күн сайын тасымалдау­шылар мен жүргізушілер және жолаушылар тарапынан бола­тын қоғамдық көліктегі бұзу­шы­­лықтарды бақылайды. Жол ақысын төлеудің электронды жүйесі – зияткерлік көлік жүйе­сінің құрамдас бөлігі. Бұл жо­лау­шылар ағынын дәл санау­ға және бағдарлар желісін жақ­­сар­туға мүмкіндік береді. Көлік ма­манд­арының біліктілік орта­лығы – қоғамдық көлік қыз­мет­­керлерін: жүргізушілер, ба­қы­лау­шылар, кондукторлар және тіпті байланыс орталық­тары­ның операторларын даяр­лау мен қайта даярлауға ма­ман­данған Қазақстандағы бір­ден-бір орталық. Жол жүру қағи­да­лары бойынша стандартты са­бақ­тардан бас­қа, жүргізушілер ал­ғашқы меди­цина­лық көмек, пси­хология, жолаушыларға қыз­мет көрсету мәдениеті және тағы басқа пән­дерді оқиды. Күй­зеліс дең­гейіне, реакция жыл­дам­дығы­на тест өткізіледі. Қажет бол­ған жағдайда қайта оқы­ты­лады, қосымша консультация­лардан өтеді. Жыл басынан бері орталықта оқу және қайта оқу­дан 1130 жүргізуші, 69 байланыс орталығы операторлары, 15-тен астам басқа мамандар өтті. Біз қоғамдық көлікті дамы­ту және оны жолаушылар үшін жақсартуға әрқашан дайын­быз», деді «Астана LRT» компания­сының мамандары.

«Астана LRT» ЖШС бас­қар­ма төрағасы Бекмырза Иген­бер­динов өткен жылдың 21 шілдесі – елорданың қоғам­дық көлігі үшін айтулы күн болғанын, дәл сол күні елорда әкім­дігінің қаулысы күшіне еніп, қаланың көлік сала­сының серпінді дамуының жаңа белесі айқындалғанын атап өтті.

«Сараланған тариф енгізіл­ген­нен кейін небәрі 10 күн ішінде көлік карталарын пайдалану үлесі 46-дан 66 пайызға дейін артты. Жолақы төлеудің баламалы тәсілдері қолжетімді болды. Көлік карталарын қашықтан толтыру мүмкіндігі пайда болды. Қаланың бірне­ше автопаркі кон­­дук­торлар қыз­метінен бас тартты. Бұл шы­ғын­дарды қыс­­­қар­­тып, қара­жатты қайта бө­луге және нәти­жесінде жүр­гізу­­ші­лер­­дің жалақы­сын арттыру­ға, сар­алан­­ған тариф тасымал­дау­шы­ларға қойылатын талаптарды кү­шей­туге мүмкіндік берді. Егер бұ­рын автопарктердің бір бөлігі жүр­гізу­шілермен авто­бус­ты жалға беру жүйесі бо­йынша жұмыс іс­тесе, енді саралан­ған тарифтің ен­гі­зілуі арқылы бар­лық жүр­гізу­­ші­лер бәсекеге қабілет­­ті еңбек­ақы­мен, әлеуметтік топ­та­мамен және жүргізушілерге қойы­латын белгіленген талаптар­мен штатқа қабылданды. Сон­дай-ақ айналымдарды орындау және бағдарды қатаң ұстану бо­йын­ша талаптар күшейтілді. Осы шара­лардың нәтижесінде рас­тал­ған статистика бойынша, аял­да­ма­дан өтіп кету, билет бер­меу туралы жолаушылардың ша­ғым­дары азайды. Небәрі 6 ай ішін­де ақысыз төлеу үлесі екі есе өсіп, қазіргі уақытта 95 па­йыз дең­гейінде сақталып тұр. Са­­ра­­ланған тариф енгізілген­нен ке­йін тасымалдаушылар­дың та­бысы артты. Көлеңкедегі ақ­ша айналымының 30 пайызы жа­рық­қа шықты. Осының бәрі қолма-қол ақша айналымын барынша азайту арқы­лы мүм­кін болды. Табыстың көбеюі нә­­ти­­жесінде автобус парктері жүр­­гізу­­шілерге еңбек жағдайын жақ­­сар­тып, қа­рыз­дарын өтеп, автобус­тар­ды бір­тіндеп жаңартып, кө­бей­те алады. Бүгінде 22 бағ­дар­да автобустардың саны ұл­ғай­ды, бағ­­дарлар саны артты. Егер са­ра­­ланған тарифке дейін жолау­шы­­ларға 86 бағдар қызмет көр­сет­се, 2019 жылдың тамыз айын­да 91-ге жетті. Мұның бәрі оң өзгеріс­тердің басы ғана», деді «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасы.

Сонымен қатар ол қоғамдық көлікте ақша қаражатының кө­лең­­келі айналымы қалай азай­ға­ны туралы айтты.

«2018 жылдың мамыр айында автопарктердің табысы 1 млрд 47 млн теңгені құрады. Оның 75%-дан астамы жыртылмалы орама билеттерді сатудан түскен. Ал 2019 жылғы мамырда автопарктердің табысы 40%-ға артып, 1 млрд 529,3 млн теңгені құрады. Бұл ретте қолма-қол ақша төлеу үлесі тек 7% көрсеткішке ие. Біз бүгінгі таңда Президент Жолдауында баса назар аударған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасы­на сай жұмыс істеп жатырмыз. Биыл 70%-ға жуық автобус паркін жаңартып, 100 электрлі автобус сатып алдық. Күн са­­йын 50 мыңнан астам халық қала маңындағы елді мекендерге қатынайды. 2 gis, AstraBus және Senim үш мобильді қосымша­сы бүгінде сұранысқа ие, қала тұрғындары өте белсенді пайдалануда. Тиімді өзгерістердің нәти­жесіне халық куә болып отыр. Біз қала тұрғындары мен аза­ма­ттардың өтініштерін үнемі талдап отырамыз. Осыдан бір-екі жыл бұрын бізге билет бермеген автобус кондукторлары туралы тұрғындардан көп­те­­ген шағымдар келіп түсті. Бұл жолаушылар төлеген ақша көлік парктерінің кассаларына түспегенін және жосықсыз жұ­мысшылардың қалтасына кет­­кенін білдіреді. Кейбір адам­­дар қоғамдық көлікте жол­ақысын төлеуден қашады. Тегін жүріп-тұрғысы келетін жан­дарды түсін­беймін», деді ол.

Және де «Астана LRT» көлік мамандарының біліктілігін арттыру орталығының директоры Жеңіс Жалбыр алдағы уақытта жолақыны қымбаттату жоспарда жоқ екенін жеткізді.

«Жолақыны өсіру алдағы жос­парларда қарастырылмаған. Себебі бұл ең бірінші халықтың мүддесі және басым көпшілігі қоғамдық көлікті пайдаланатынын ескергендіктен туындап отыр. Біздің мақсатымыз – тұрғындарға сапалы қызмет көрсету. Айта кететін тағы бір жайт, біз 20-бағдарға жолақы­сын viza картасы арқылы тө­леу­дің қанатқақты жобасын ен­гізген болатынбыз. Соған сәйкес жаңа құрылғылар да орнатылды. Осы тәжірибе табысты жүзеге асатын болса, басқа бағыттардағы көліктерге де осы тәжірибені ен­гіземіз» деді Ж.Жалбыр.

Сондай-ақ іс-шарада авто­парк­тердің басшылары да баяндама жасап, кәсіпорындардың ағымдағы қаржылық жағдайы, кіріс­тер, шығыстар туралы айтты.