Биыл 130 жылдығын атап отырған Парламентаралық одақ ассамблеясы парламенттік дипломатияны және парламентаралық үнқатысуды ілгерілетуге бағытталған беделді әрі бұрынғы халықаралық ұйымдардың бірі. Ұйым құрамына 179 ел мен 14 аймақтық парламентаралық ұйым кіреді.
А.Шәкіров форум аясында Парламентаралық одақ басшыларымен, сондай-ақ ұйым қызметі және екіжақты ынтымақтастықтың келешегі мәселелері бойынша бірқатар елдердің парламентші-
лерімен кездесулер өткізді.
Ассамблея аясында Сенат Төрағасының орынбасары «Еуразия» геосаяси тобының отырысына қатысты. Парламентаралық одақ ассамблеясының мүшелеріне ұйымның күн тәртібіндегі маңызды мәселелер туралы ұстанымдарды талқылау мен келісуде геосаяси топтар маңызды рөл атқарады. Қазіргі уақытта 9 ел, атап айтқанда: Қазақстан, Армения, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан «Еуразия» тобы мүшесі болып отыр.