Парламент • 18 Қазан, 2019

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын жетілдіруді көздейді

237 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын жетілдіруді көздейді

Заң жобасы тұрғын үй-ком­­му­налдық шаруашылық саласын­дағы заңнаманы жетіл­діру мақсатында әзірленген бола­тын. Жобамен бірқатар заңна­малық актіге өзгерістер мен толық­тырулар енгізіледі.

Заң жобасымен «бір үй – мү­ліктің меншік иелерінің бір бір­лестігі – бір шот» қағида­ты бойынша кондоминиум объек­тісін басқарудың жаңа үлгі­сі ұсынылады. Сенатор Ә.Құр­таевтың айтуынша, бұл қағида әрбір үйді басқару жөніндегі же­ке әдісті қарастырады. Пәтер ие­лері кооперативтерінің қызметі әрбір үйдің ағымдағы және жинақ шотын пайдалану арқылы қаржыландырылады.

Заң жобасымен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күр­делі жөндеуді қаржыландыру теті­гі енгізіледі, ол пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың мен­шік иелерінің қаражатты жинақ­тауына және екінші деңгей­дегі банк­тен қарыз алуына негіз­делген. Мамандандырылған қор МИБ-тің тұрғын үй қарызын өтеу жөніндегі міндеттемелерді орын­дауын кепілдендіретін болады.

Сонымен қатар тұрғын үй-құрылыс кооперативін құру, оның қызметін жүзеге асыру және тоқтату тәртібі, мүшелік шарт­тары мен жарғы мазмұны реттеледі.

Заң жобасымен басқарушы және сервистік компаниялар қыз­меттерінің ашықтығын артты­руға және Үй кеңесін құру және электронды ақпараттың ресурс­тар мен ақпараттық жүйелерді енгізу арқылы пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың мен­шік иелері тарапынан бақылауды қам­тамасыз етуге, сондай-ақ тұр­ғын үй саласындағы құқық­тық қатынастар субъектілерінің арасындағы өзара қарым-қаты­насты жақсартуға бағытталған ережелер ұсынылады.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.