Әлем • 18 Қазан, 2019

Халықаралық саммит жұмысын аяқтады

179 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Литвада академиялық қауымдастық көшбасшыларының халықаралық «QS in conversation. Халықаралық ынтымақтастық арқылы танымалдылықты арттыру: ұтқырлық, тану, брендинг» атты халықаралық саммиті өз жұмысын аяқтады.

Халықаралық саммит жұмысын аяқтады

Әлемдік маңызы зор шараны Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Витаутас Магнус (Литва, Каунас қ.) университеті және QS Quacquarelli Symonds халықаралық компаниясы бірлесіп ұйымдастырды.

Ауқымды шараға акаде­мия­лық қауымдастық көшбас­шы­лары – жоғары оқу орын­да­ры­ның ректорлары, білім, ғылым, өнер, журналистика, бизнес, эко­­номика және денсаулық сақ­­тау саласындағы өкілетті ға­­лым­дар мен сарапшылар, ха­лық­аралық ұйымдардың өкіл­дері жиналды.

Қатысушылар Қазақстан, Ресей, АҚШ, Литва, Латвия, Ұлы­британия, Жапония, Корея, Түр­кия, Әзербайжан, Эстония, Эфиопия, Польша, Украина, Өз­бекстан сияқты елдерден келді.

Конференцияға барған қазақ­стандық делегация құрамында Қазақстан ЖОО ректорлары (Қазақстан ЖОО ректорлар кеңесінің төрағасы Е. Сыдықов), ғалымдар мен ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, жалпы саны жүзден астам делегат бар.

Халықаралық жиынға қа­тыс­қан спикерлер қатарында Quacquarelli Symonds британдық консалтинг компаниясының өңірлік директоры Зоя Зайцева, британдық «The Guardian» газе­тінің редакторы Рейчел Холл, белгілі журналист Сти­вен Хоар, Еуразия ұлттық уни­вер­ситетінің ректоры Ерлан Сы­дықов, Витаутас Магнус университетінің ректоры Юозас Аугутис, Сколков ғылым және тех­нологиялар институтының фа­культет деканы Клемент Фор­тин және басқалар болды.

QS in conversation – бұл жоға­ры білім саласындағы жаһандық міндеттерді талқылауға, әлемдік қауымдастықты нығайтудағы университеттердің рөлін анық­тауға, халықаралық жоғары бі­лім беру жүйесіндегі трендтерді талқылауға және т.б. аса қажетті мәселелерге бағытталған әлемдік маңызы зор жиын.

Жиында халықаралық ынты­­мақтастық арқылы жоғары оқу орындарының танымал­ды­лығын арттыру әдістері, БАҚ-пен байланыс жолдары қа­растырылды және студенттердің кәсіпкерлік дағдыларын дамы­ту арқылы жұмысқа орналасты­ру, креа­тивті ойлау, жеке брен­динг, сонымен қатар рейтинг­тер арқылы бәсекеге қабілет­ті кеңістікте ЖОО-ның өз сәйкес­тігінің жетістіктері талқыланды.

Форумның ашылуында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, Quacquarelli Symonds британдық консалтинг компаниясының өңірлік директоры Зоя Зайцева, Витаутас Магнус университетінің ректоры Юозас Аугутис, тағы басқалар сөз алды.

ЕҰУ ректоры Ерлан Сы­ды­қов атап өткендей, бұл саммит – қазақстандық және дос­тас елдердің университеттері халықаралық деңгейде өз пози­циясын сенімді түрде ұстап отырғанына дәлел. Мобиль­ділік, тану, брендинг арқылы танылу сияқты халықаралық саммит тақырыбының өзек­тілігі де жоғары білім беру сала­сындағы жа­һандық бәсеке­лестіктің өсуі­мен байланысты. Яғни, бәсе­кеге қабілетті маман, озық ғы­лыми білімді дамыту – халық­аралық әріптестік пен ынты­мақ­тастықтың басты ұста­ным­дары.

Витаутас Магнус универ­си­тетінің ректоры Юозас Аугутис өзекті мәселелердің оң шешім табатынына үміттенеді. «Біз мұнда күш-жігерімізді қалай біріктіріп, болашақта универ­ситет үшін заманауи сын-қа­тер­лерді анықтау, мәселені бел­гілеу және шешім табу үшін жиналдық. Ұлы трансформация кезінде біз бейімделіп, қалай үйрететінімізді және нені үйрететінімізді түсінуіміз керек. Өйткені тек жоғары білім­ді, сыни ойлайтын тұлға ға­на мани­пуляцияларға қарсы тұра алады», деді спикер. Соны­мен қа­тар Юозас Аугутис жал­пы мәсе­лелерді шешу үшін уни­вер­ситеттер серіктестермен, биз­нес­пен, Үкіметпен, қоғаммен бірігуі керек деп мәлімдеді.

Quacquarelli Symonds бри­тандық консалтинг компания­сының Шығыс Еуропа және Ор­талық Азия бойынша өңірлік директоры Зоя Зайцева форумның маңыздылығын атап өте келе: «Бұл жерде теория, презентациялар, баяндамалар ғана емес, ең бастысы, адамдар бірін-бірі біледі, кездеседі және тәжірибе алмасады», деді.

Саммит екі күнге созылды. Жиынға қатысушылар «Университет & БАҚ-пен байланыс», «Университеттік брендинг: бәсекелестік кеңістікте өз жолын табу», «Рейтингтер арқылы брендинг: QS қалай барынша пайдалану керек» және т.б. тақырыптарды талқылады.

Конференция соңында «QS EECA University Rankings 2019 – Дамушы Еуропа мен Орталық Азия университеттерінің QS 2019» рейтингісінің нәтижелері жарияланды.

Сондай-ақ осы шара аясында Ерлан Сыдықовтың төрағалық етуімен Қазақстанның жоғары оқу орындары ректорлары ке­ңе­сінің отырысы өтіп, оған лит­валық әріптестер де қатысты.

 Ләйлә РАХМАНОВА,

арнайы «Egemen Qazaqstan» үшін

 Каунас (Литва)