Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Дамудың сапалы кезеңі

137 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты   халыққа Жолдауы ел өркендеуінің бағыт-бағдарын көрсетті. 

Дамудың сапалы кезеңі

әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналған еліміздің Тәуелсіздігін нығайтып, халқымыздың жағ­да­йын жақсартудың жаңа сапалы кезеңінің мүмкіндіктері және мін­деттері айқындалып отыр. 5 инс­ти­туционалдық реформа және Ұлт жоспарын толық жүзеге асыру қажеттілігін көздейтін Жолдау Президенттің сайлау алдындағы бағдарламасының негізі болды.

Саяси жүйенің «Күшті Прези­дент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласы мемлекет тұрақтылығының не­гізі болып табылатынын атап көрсет­кен Мемлекет басшысы азамат­тық қоғамды қолдау және ны­ғай­ту қажеттілігіне тоқталды. Осы мақ­сатта құрылған Қоғамдық сенімнің ұлттық кеңесі ротациялық қағи­датпен жұмыс істейтін болады. Партия құрылысының про­цесін жалғастыру және еліміздегі көп­пар­тиялық, саяси бәсекелестік жә­не пікірлер ұстанымы сая­си жүйенің тұрақтылығы үшін өте маңызды екендігіне ба­са назар аударды. Алдағы Пар­ламент Мәжілісі және мәслихаттар сайлауы еліміздегі көппартиялық жүйенің әрі қарай дамуына ықпал ететіндігін атап көрсетті. Мемлекеттік органдар қызметіндегі басымдықтар қоғам­дық диалог, ашықтық, азамат­тар­дың мұң-мұқтажын жылдам қабыл­дау, тұрғындармен кері байланыс тиімділігін арттырады. Жолдауда дамудың жаңа кезеңіндегі әлеуметтік саладағы басымдықтар айқындалған.

Білім беру сапасын жақсарту мақ­­сатында оқушылардың қабі­летін айқындап, кәсіби бағыт-бағ­дар беру саясатын жүргізу де өте өзекті. Жолдауда атап көр­сетіл­г­ендей, елімізде мамандар даяр­лау­дың отандық жүйесі нақты ең­бек на­ры­ғынан тыс қалған. Оның дәлелі, орта мектепті аяқтаған түлек­тер техникалық-кә­сіп­тік және жоғары оқу орын­дарына қа­былданбай қалып, жұмыс­сыз­дар қатарын көбейтуі бүгінгі күн­нің шындығы. Салдарынан олар­дың қылмыстық топтарға, экст­ремистік діни ағымдардың ық­па­лына түсіп кетуі орын алуда. Сондықтан да Жолдауда ай­тыл­ғандай, орта білім берудің ұлт­тық стандарты оқушыларға кәсі­би бағдар беру тиімділігін қамта­масыз етуге бағытталуы тиіс.

Жолдауда айтылған өзекті мәселенің бірі – мұғалімдер мен оқытушылардың әлеуметтік жағ­дайы. Президент тамыз конференциясында алдағы 4 жыл ішінде мұғалімдердің еңбекақысын 2 есе­ге арттыруды тапсырған болатын. Келесі жылдан бастап ұстаз­дардың жалақысы 20 пайызға өсетіндігі бүкіл ұстаздар қауымы үшін үлкен қолдау деп санаймын. Өз кезегінде педагогтар болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуы үшін үлкен жауапкершілікпен қыз­мет атқаруы тиіс.

Реформалаудың жаңа кезеңі­не қадам басқан еліміз үшін Жолдау­да айқындалған міндеттерді сапа­лы орындауға әрбір азамат өз үле­сін қосуы тиіс. Президент атап көр­­сет­кендей, осы мақсатта мем­лекет­тік органдардың жұмы­сты же­дел атқарып, нақты нәтижеге қол жет­кізуі талап етіледі. Тиісті ре­­фор­­маның жүзеге асырылуы үшін ме­­кеме басшыларына дербес жауап­­­­кер­­шілік жүктеліп, ай­­мақ­тар­д­а­ғы халықтың жағ­дайы сауална­ма негі­зінде нақ­ты баға­лануы Жол­даудың сын­дар­лы қоғамдық диалог – Қазақ­стан­ның тұрақтылығы мен өр­­кен­деуінің негізі болып табы­ла­­тын­­дығын дәлелдеп отыр. Халы­қ­ты толған­дыратын барлық мәселе­­лер­дің шешілуін көздейтін жаңа Жол­дау ел тағдырына жаны ашитын әрбір азаматқа зор сенім ұялатады.

 

Жанар ОРЫНБАЕВА,

Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің

 директоры, Тараз қалалық мәслихатының депутаты

Соңғы жаңалықтар