*Әзіл әңгіме
С– Н – О – Қ – А!
Бәти жеңгей жұмыста отыр еді, біреулер хабарласып: «Жас келінге құтты болсын айтамыз, үйіңізге барамыз» деді. Өздері асығыс. Жұмыстан ерте кетуге болмайды. Звондап қазанға тамақ салдыра берейін деп ойлады Бәти. Үйде жаңа түскен жас келін Қамар жалғыз.
– Әле, Қамаржан. Үйге екі-үш қонақ келетін болды. Саған құтты болсын айтамыз, дейді. Асығыс жолаушылар. Мен қазір жұмыстан шыға алмаймын. Сондықтан сен қазанға тамақ сала бер, мен жайырақ келемін.
– Мамочка, үйде тамақ көп: колбаса, сыр, винегрет, борщтың қалғаны – бәрін қазанға салайын ба?
– Жо-жоқ, қарғашым, тамақ дегенім ет қой, асу керек.
– Холодильникте ет бар ғой...
– Иә, сол етті шығар, не салатыныңды мен айтайын.
– Жақсы, мамочка...
– Екі омыртқа, омыртқаны білесің ғой ...
– Білем, мамочка. Только не омыртқа, а, по моему, жо-о-мыртқа ... яйчко. Жо-омыртқа салайын ба, қазанға ...
– Үйбәй, айналайын, жұмыртқа емес омыртқа! Малдың арқасында болады ғой ...
– Ну, даешь мамочка! Малдың арқасында жүн болады ғой ...
– Не дейді! Қарағым-ау, жүнің не? Омыртқа деген еті бар сүйек, екі жағында қанаты бар...
– А-а, қанаты ... Крылья, курочка что ли? Қазанға құс салайын ба?
– Уһ, құс емес, құдай! Екі жағында қанат сияқты шығып тұрған сүйeгi бар ... былай ... самолет сияқты.
– Да-да! Мынау екен ғой, таптым, сосын не алайын?
– Қабырға, төрт тал.
– Ой интересно, то омыртқа, то қабырға ... Мама, аттары ұқсас екен. Анау самолет сияқты болса, мынау вертолет ...
– Жоқ ,ойбай! Бұл күржиген қисық сүйек.
– Ой, мама, мында прямой сүйек жоқ қой, бәрі қисық...
– Қап енді не десем екен? Е-е ... Хоккей ойнайтын ағаш бар ғой...
– Клюшка?
– Ия, клюшка, қабыртқа сол сияқты.
–Таптым, таптым ...
– Содан төрт тал.
– Мама, сіз «төрт тал» дейсіз, как-то я слышала, что тал – это ағаш.
– Патшам-ау, бұл жерде «тал» – түйір деген мағынада. Штөк.
– Что-что? Ну, мамочка, разве можно так. Ой, ұялам...
– Тьфу! Не aйтып қойдым! Жаным-ау, сен түсінбeй тұрсың, олай емес... Төрт дана деген...
– А-а, слава богу, значит четыре штуки ... Мама, тағы не?
– Енді жілік сал ...
– Жилы? Мама, ол жоқ, тогда бәрін кесіп, холодец жасадық қой.
– Ту, қарағым-ау, сен сіңірді айтып тұрсың ба? Сіңір емес, үлкен жұмыр сүйек, еті бар. .
– Ой, мама, не знаю!
– Ортан жілік дегенді білесің бе?
– Ортан деген средний деген бе? Ну, мама, откуда я знаю – какой средний, какой краиний?
– О, жасаған-ай, бұған не айтуға болады? Кәрі жілікті де танымайсың ба?
– Чего? Разве старый сүйек, молодой сүйек деп те отличаются? Ну, мама, бір баранда неужели бір кость жас, бір кость кәрі?
– Ту, шіркін, саған сөз жоқ екен? Әй, шырағым, не де болса, қолыңа түскен екі сүйекті салшы. Сосын бір білем құйрық сал?
–Что? Құйрық – это хвост что ли? Где тут хвость? .
– Ойбай - ойбай!!! Шырағым қоя ғой, өзім келейін! Вот саған с-н-о-қ-а!
Сержан ШӘКІРАТОВ