Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Павлодар облысында 790 мың тонна астық жиналды

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық  ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, өңір диқандары астық жинау науқанын аяқтады. Ауа-райының құрғақ қолайсыздығына қарамастан, дәнді және бұршақ дақылдарының өнімділігі әр гектардан 10,5 центнерді құрады.

Павлодар облысында 790 мың тонна астық жиналды

Суретті түсірген:Валерий Бугаев

Биыл жалпы облыста егін жинау алаңы 87 мың гектарға дейін кеңейтілді.

Яғни, өңірімізде астықты алқап 1,1 миллион гектарды құрайды. Биыл бидай егуге 530 мың гектар бөлінген. Орташа өнімділік гектарынан 10,5 центнер болса, жалпы түсім 538 мың тоннаны құрайды.

Сондай-ақ  картоп жинау аяқталды. Орташа өнімділік гектарынан 320 центнер болса, жалпы түсім 550 мың тоннаны құрады. Көкөніс 5,9 мың гектар алқапта жиналды. Түсім 200 мың тоннаны құрады.

Шөп дайындау да аяқталды. Орташа өнімділік гектарына 9 центнерді құрады, 60,5 мың тонна пішендеме дайындалды. Бұл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге бір жарым жылдық шөп қорын дайындауға мүмкіндік берді.

Жалпы, жыл басынан бері облыс шаруашылықтары лизинг бойынша 100-ден астам техника, жеңілдетілген жанар-жағармай алған.

Ал, күзгі дала жұмыстарына шаруашылықтарға  21 мың тонна дизель отыны берілді. Басқарма мамандарының айтуынша, дәнді дақылдарды өңдеу және өсіру кезінде жергілікті фермерлер қазіргі заманғы ресурс үнемдейтін технологияларды қолдануда.

Сонымен қатар өңірде астық дер кезінде жинауға құрал-жабдықтар, техникалар, жұмыс күші жеткілікті болды.