Аймақтар • 19 Қазан, 2019

Сағынтаев жаңа кәсіпорындарды аралап көрді

253 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы индустриялық аймақтағы жабдықтар орнатылып жатқан бірнеше жаңа кәсіпорындарды аралап көрді. 

Сағынтаев жаңа кәсіпорындарды аралап көрді

Жыл соңына дейін жеті жоба іске қосылады деп күтілуде. Мұнда 1,5 мың адам жұмыспен қамтылмақ. «Бұл жердегі зауыттар нарықта сұранысқа ие болатын құбырлар, сәулеттік қасбеттер, автомобильдер, полимерлік құбырлар, медициналық мақсаттағы бұйымдар, ет өнімдерін шығарады. Сондай-ақ қағаз қаптарды, картриджер мен өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйелерді, кабельдер, скотч пен пленкаларды өндіретір алты зауыт іске қосылды. Аталған кәсіпорындарда 385 жұмыс орны ашылды», - деп жазды қала әкімі әлеуметтік  желідегі парақшасында.

Іске қосылған кәсіпорындардың жалпы инвестиция сомасы 24,4 млрд теңге жыл басынан бері мұнда  385 жұмыс орны ашылды. Жылдың  соңына дейін 67 млрд теңге сомаға жеті жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

Қала экономикасына инвестиция тарту бойынша жұмысты жандандыру мақсатында Б.Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша Алматының Іскерлік кеңесі құрылды. Мұнда шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту шарттарына қатысты барлық мәселелер талқыланады. Сонымен қатар, салалық одақтар мен кәсіпорындардың басшыларымен өткізілетін Өңірлік үйлестіру кеңесінің жұмысы қайта жанданды. Жақында өткен отырыста модульдік үй құрылысы, жылыту және өрт сөндіру жүйелерін, құрылыс материалдарын, полимерлік құбырларды өндіру бойынша жобалар мақұлданды.

Бұл күні Б.Сағынтаев Алатау ауданында «Алматы-2020» бағдарламасы аясында салынған және заманауи жабдықтармен жабдықталған жедел медициналық жәрдем стансасының жаңа ғимаратын аралап көрді. Сондай-ақ қала әкімі JCI халықаралық аккредитациясына дайын №17 қалалық емхананың қызметімен танысты. Аккредиттеу әлемдік стандарттарға сәйкес келетін медициналық көмектің сапасын халықаралық деңгейде мойындау болып табылады. Бұдан өзге шаһар басшысы елдегі баспа-полиграфия саласының мамандарын дайындайтын жалғыз оқу орны болып табылатын полиграфия колледжімен танысты. Колледждің түлектері креативті индустрияның бір бағыты бойынша өз ойларын іске асыруға мүмкіндіктері бар.

Кәсіпкерлердің бастамаларын қолдау мақсатында Аймақтық үйлестіру кеңесінің жұмысы жанданды. Соңғы отырыста модульдік үй құрылысы, жылыту және өрт сөндіру жүйелерін, құрылыс материалдарын, полимерлік құбырларды өндіру жобалары мақұлданды. Оларды іске асыру үшін Алматының индустриялық аймағында дайын. инфрақұрылымы бар алаңдар бөлінбек.