Аймақтар • 20 Қазан, 2019

Аудан тұрғындары суды тұтынғандары үшін ақы төлемеуде

19 реткөрсетілді

Облыстық әкімдіктің ішкі аудит қызметінің мәліметінше, өңірдегі аудандық коммуналдық кәсіпорындарда тексеру жүргізілген.

Нәтижесінде,коммуналдық кәсіпорындардың тиімсіз жұмыстары анықталған.Аудиторлар ауылдарда су құбырларын күтіп ұстау үшін бюджеттік қаражаттың жұмсалатынын, бірақ, суды тұтыну үшін ақы төленбейтінін анықтады.

Суретті түсірген: Валерий Бугаев

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын аудандық коммуналдық кәсіпорындар сумен қамтамасыз ету желілерін пайдаланады.

Бірақ, олар тұтынушылармен келісім жасасу және көрсетілген қызметтерге уақытылы төлем жасау жұмыстарын нашар жүргізуде.

Сондықтан облыс әкімі  Болат Бақауов қалалар мен аудан әкімдіктерінің 2020 жылға арналған бюджеттегі барлық шығындарын қайта қарауды, ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындардың жағдайын талдауды және жекешелендіру мен оңтайландыру бойынша ұсыныстар беріңдер деп талап қойды.

Яғни, мәселе, қысқартуда емес, бюджет қаражатын тиімді пайдалану және оларды іскерлік түрде бөлу.

–Облыста әлі де оңтайландыратын кәсіпорындар бар. Бірақ, олар бюджеттен қаражат ала отырып,  жұмыстарын жасауда. Аудандар тарапынан жекешелендіру, сенімгерлік басқаруға беру туралы бірде-бір ұсыныс түспеген.

«Ақтоғай Сервис» коммуналдық кәсіпорынында жіберілген су көлемі мен оның төлемі арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар, - деді ішкі аудит қызметінің сарапшысы Ольга Крупникова  әкімдікте өткен жиында.

Тексеріс өткен кезеңде тұтынушыларға 75 мың текше метр су жіберілген. Ал, төлем ақысы 5,7 мың текше метр үшін ғана төленген.

Мысалы, Аққулы ауданында «Аққу Сервис» коммуналдық кәсіпорны жеке кәсіпкерлермен 3 ауылдағы су құбырларына және 4 ауылдағы кешенді блок-модульдерге қызмет көрсету туралы келісімшарттар жасаған.

Бірақ, тұрғындар су үшін кәсіпорынға емес, жеке кәсіпкерлерге ақы төлейді. Желілерді күтіп ұстауға кеткен шығындарды бюджетке тиесілі де, ал, оларды пайдаланудан түскен кірісті жеке кәсіпкерлер алуда.

Сондай-ақ Баянауыл ауданындағы «Серпіліс» кәсіпорнында  14,9 миллион теңге тексеріс кезінде бюджетке қайтарылған.

Соңғы жаңалықтар

Фермерлер маманға зәру

Аймақтар • Бүгін, 12:24

Алматы-Мумбай әуе рейсі ашылады

Қазақстан • Бүгін, 12:06

Еліміздегі ең жас құсбегі

Қоғам • Бүгін, 06:05

Аққорған оқиғасы

Таным • Бүгін, 05:50

Ұлағатты ұстаз ұстыны

Руханият • Бүгін, 05:35

Талпақ танау да табыс көзі

Экономика • Бүгін, 05:00

Алып тиін төрге озды

Аймақтар • Кеше

18,6 миллионға жеттік

Қазақстан • Кеше

Ұқсас жаңалықтар