Суретті түсірген: Валерий Бугаев
Бұдан басқа осы бұрынғы Алюминстрой аталған ауданнан қалған сүрілмеген ескі 49 үй бар. Келесі жылы бұл үйлердің орнына 10 тұрғын үй салу жобасы дайын.
Ал, биыл жыл соңына дейін облыс орталығында мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес 61,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек.
Қазір тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жыл соңына дейін 9 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі.
Ал,Достық шағын ауданында құрылыстың бірінші кезеңі жүргізілуде. Биыл бұл ауданда 4 үйдің құрылысы басталады. Олардың екеуі өзге өңірлерден келетін қоныстанушыларға арналған.
Мысалы, Сарыарқа шағын ауданында «7-20-25» бағдарламасымен бой көтерген №25 тұрғын үй құрылысы. Бұл 72 пәтерлік тұрғын үй қараша айында берілмек.
Алайда, құрылыс жұмыстарына кедергі келтірген мәселелер де бар.
Осы №25 үйдің жанында сүрілмеген екі қабатты ескі үй тұр. Пәтер иелерінің ескі үйлерінен көшкілері келмейді. Бұл үйлердің орнында №29 үйдің құрылысы жүргізілуі қажет еді.
Қалалық құрылыс бөлімінің мәліметінше, салынып жатқан 9 үйдің бесеуі «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның салымшылары үшін, үшеуі «7-20-25» бағдарламасы бойынша, біреуі әкімдіктегі кезек күтушілерге арналған.
Ал,Сарыарқа шағын ауданындағы құрылыс пен абаттандыру жұмыстары 2021 жылдың соңына дейін аяқталмақ.