Руханият • 21 Қазан, 2019

Алматыда қуыршақтар көрмесі өтеді

475 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

30 қазан күні сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде театр жылы мен А.С. Пушкиннің туғанына 220-жыл толуына арналған жыл сайынғы «Әрқашан біргеміз» халықаралық авторлық интерьерлік қуыршақтар көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді. Көрмені ұйымдастырушылар – Алматыдағы Ресейдің Бас Елшілігі, Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастығының өкілдігі, Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі, Қазақстанның «Центр Вселенной Кукол» қуыршақшылар қоғамдастығы.

Алматыда қуыршақтар көрмесі өтеді

«Әрқашан біргеміз» атты үшінші халықаралық авторлық интерьерлік қуыршақтар көрмесі бір экспозициялық кеңістікте  Ресей, Түркия, Франция, Бельгия, Қырғызстан және Қазақстанның ең үздік қуыршақшы шеберлерінің басын қосады. Биылғы жылы көрме аясында қуыршақ шеберлері өздерінің жұмыстарымен және әдіс-тәсілдерімен бөлісе отырып, басқа елдерден келген шеберлердің шығармашылығымен танысады. Шара аясында қуыршақ шеберлерінің Қуыршақ форумы өтіп, арнайы шеберлік сағаттары ұйымдастырылады.

Көрмеге келушілерге үш экспозиция ұсынылады:  

- «Пушкиниана» – А.С. Пушкиннің туғанына 220 жыл толуына арналған

- «Театр» – театр жылына арналған

- «Куклы мира» – суретші Гүлмира Садықованың жеке коллекциясындағы әр елдің қуыршақтары көрсетіледі.

Қуыршақ шеберлерінің шеберлігі мен практикалық икемі жыл өткен сайын жетілуде. Жыл сайынғы «Әрқашан біргеміз» атты үшінші халықаралық авторлық интерьерлік қуыршақтар көрмесі көрермендерге осы шеберлердің жаңа жұмыстарын ұсынады. Шеберлердің жұмыстарының арасында тарихи тұлғалар мен ертегі кейіпкерлері, белгілі адамдардың портреттері, театр өмірі мен Пушкиннің шығармашылығынан тұрмыстық көріністер кездеседі. Көрмеге келушілер ұсынылатын образдардың сан алуандығына, жоғары орындаушылық сапасына және концепцияны жүзеге асырудағы олардың шығармашылық тәсілдеріне тамсанатын болады.

Барлық жұмыс түрлі техникада орындалған – қыздырылған пластик, өзі қататын пластик, құрғақтай басу техникасы, тоқыма техникасы, шұлықтық мүсін техникасы, тоқылған қуыршақ және басқа да аралас техникалар.

Айтулы көрме қараша айының ортасына дейін жалғасады. Көрменің барлық күні Алматыдағы Ресейдің Бас консулдығы мен Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастығының өкілеттігі ұйымдастырған бірқатар шаралар өткізу де жоспарланған. Олардың арасында әлем халықтарының тілінде спектакльдер, концерттер, жаңа кітаптар мен электрондық басылымдар да бар.  Қазақстан, Ресей, Франция, Қырғызстан, Түркия қуыршақшыларының балалар мен ересектерге арналған шығармашылық шеберлік сағаттары мен шеберлік шоуларының кеңейтілген бағдарламалары қарастырылған.