Спорт • 22 Қазан, 2019

«Жетісу» – жеңімпаз

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорған қаласында волейболдан әйелдер арасындағы Қазақстан Суперкубогы жолындағы жарыс аяқталды. Биылғы жарыста «Жетісу», «Алтай», «Ертіс-Қазхром» және «Алматы» клубтары бақ сынады.

«Жетісу» – жеңімпаз

«Жетісу» спорт кешенінде өткен жарыста Талдықорғанның «Жетісу» волейбол командасы топ жарды. Жарыс қожайындары үш кездесудің бәрінде қарсыластарынан басым түсіп, Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды.

Жарыс қорытындысы бойынша Сана Анарқұлова («Алтай») мен Джоана Паласио Мендоса («Жетісу») турнирдің ең үздік ойын­шысы атанды. Ал Суперкубогты жеңіп алған «Жетісу» Азияның клубтық чемпионатында бақ сынау құрметіне ие болды.