«Жетісу» спорт кешенінде өткен жарыста Талдықорғанның «Жетісу» волейбол командасы топ жарды. Жарыс қожайындары үш кездесудің бәрінде қарсыластарынан басым түсіп, Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды.
Жарыс қорытындысы бойынша Сана Анарқұлова («Алтай») мен Джоана Паласио Мендоса («Жетісу») турнирдің ең үздік ойыншысы атанды. Ал Суперкубогты жеңіп алған «Жетісу» Азияның клубтық чемпионатында бақ сынау құрметіне ие болды.