Спорт • 22 Қазан, 2019

Халықаралық ат спорты федерациясының президенті Алматыға келді

562 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлы дала әлемге жылқы шаруашылығын және салт аттылар өркениетін қалыптастырды, үлгісін таныптты.  Алғаш рет жылқыны қолға үйрету қазақ жерінде бастау алғандығын солтүстіктегі «Ботай» қазбалары дәлелдейді. Елдегі бұл спорттың әлеуетімен танысу үшін Халықаралық ат спорты Федерацияының президенті Ингмар де Вос Алматыға арнайы келіп, Алматы және Алматы облысындағы ат спорты клубтарын аралады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз бөлімі хабарлады.

Халықаралық ат спорты федерациясының президенті Алматыға келді

 

Осы орайда Қазақстан мен Ресей ат спорты қауымдастықтары екі жақты келісімге қол қойды. Болашақта бұл келісім екі елдің спортшыларына тәжірибе алмасу үшін және халықаралық жарыстарға қатысуларына мүмкіндік туғызбақ.  

«Жылқының сенімін толық иелену үшін кейде бірнеше жыл қажет», дейді спортшылар.

Бүгінде Қазақстанда ат спортының ұлттық түрлері белсенді дамуда. Былтырдың өзінде елімізде 50-ден астам жарыс өтті. Біздің спортшылар аударыспақ және теңге ілу бойынша Азия чемпионы атанса, көкпар және жамбы атудан әлем чемпиондары атағын жеңіп алды.

«Біз өз тарапымыздан Қазақстанда ат спортының дамуына барынша қолдау көрсетеміз. Федерацияның даму бағдарламасы аясында бапкерлер мен жаттықтырушыларға арнайы семинар өткіземіз. Қазіргі таңда Олимпиада ойындарына берілер жолдама саны арта түсті. Осы мүмкіндікті Қазақстан тиімді пайдаланады деген ойдамын», деді Халықаралық ат спорты федерациясының Президенті Ингмар де Вос.

«Басты мәселе Қазақстан – ветеринарлық жағынан өте жағымсыз аймақ. Біз Қазақстаннан спортшыларды шетелге шығару үшін 3 айлық карантин құру керекпіз. Ең жақын карантин бізде ол Ресейде. Ал 3 ай карантин деген – ақша жағынан қыруар шығын», деді ҚР ат спорты бойынша бас жаттықтырушы Әсет Толқымбек.

 

АЛМАТЫ