Спорт • 23 Қазан, 2019

«Астана» Нидерландқа аттанды

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше «Астана» командасының бапкерлер құрамы мен ойыншылары Еуропа лигасының топтық кезеңі аясындағы «АЗ Алкмаарға» қарсы кездесуге барды.

«Астана» Нидерландқа аттанды

Өкінішке қарай, елорда командасының бірқатар негізгі ойыншылары жарақаттарына байланысты «қызғалдақтар» еліне бара алмады. Атап айтар болсақ, шабуылшы Фирмин Мубеле, жартылай қорғаушы Марин Томасов пен Рунар Сигурьонссон және қорғаушы Жарко Томашевич. Есесіне бас бапкер Лев Сквор­цов, Владислав Прокопенко, Рамазан Кари­мов секілді жас футболшыларға сенім арт­пақ. Нидерландқа аттанған құрам мынадай:

Қақпашылар: Ненад Эрич, Александр Мокин, Станислав Павлов. Қорғаушылар: Лу­ка Шимунович, Дмитрий Шомко, Ев­ге­ний Постников, Юрий Логвиненко, Аб­зал Бейсебеков, Антонио Рукавина, Лев Скворцов.

Жартылай қорғаушылар: Юрий Перцух, Серікжан Мужиков, Иван Маевский, Дидар Жалмұқан, Дорин Ротариу. Шабуылшылар: Сергей Хижниченко, Роман Муртазаев, Влади­слав Прокопенко, Рамазан Каримов, Рангело Янга. «АЗ Алкмаар» – «Астана» ара­сындағы ойын 24-қазан күні өтеді. Ойын­ды QAZSPORT телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.