Аймақтар • 23 Қазан, 2019

Алматыда заманауи фотография көрмесі өтеді

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Қазақстан Гёте-Институты мен Шетелмен байланыс институты (ifa) Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейімен бірлесе отырып «Бейнелеу/Көрсету» атты заманауи фотография көрмесін өткізеді.

Алматыда заманауи фотография көрмесі өтеді

Көрме фото өнері саласында жеке өз стилі қалыптасқан германиялық 10 фотографтың жұмыстарын көпшілік назарына ұсынады. Қолжетімді құралдардың көмегімен олар болмысты бейнелейтін, бейнелеу мазмұнын жандандыра түсетін фотографияның түрлі формаларын жасайды. Олардың бір бөлігі шынайы сюжет пен суретті қосымша өңдеуді үйлестіру үшін сандық техниканы пайдаланады. Өзге авторлар дәстүрлі балама фотографияға көп көңіл бөледі. Бірақ қай түрін алсаңыз да, фотография фотографтың өз әлеміне көзқарасын құжат түрінде дәлелдей отырып, қарапайым суреттен фото өнеріне айналады.

«Әңгіме фотографияны суреттің өзінше бір жеке формасы деген пікір біріктіретін фотографтар тобы туралы. Оларды теорияны иллюстрациялауға қарағанда, үнемі медиалық ерекшеліктерін баса көрсететін жұмыстарындағы форма мен мазмұн арасындағы теңгерім анағұрлым көбірек қызықтырады. Олар саналы түрде оның шегін анықтап алады немесе жаңа кескіндеу не көрсету мүмкіндіктерін сынап көреді. Бейтарап болып көрінетін фотографиялық құжат туралы ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан түсінікке өздерінің әлемге деген ерекше субъективті көзқарастарын құжаттық форма тілінде көрсетіп қарсы қояды», дейді көрме кураторы Томас Вески.

Айтулы өнер жәрмеңкесі Ә. Қастеев атындағы өнер музейінің қабырғасында 2019 жылдың 31 қазанынан 1 желтоқсанына дейін жалғасады. Көрменің ресми ашылуы 30 қазан күні сағ. 19:00 де.