Аймақтар • 24 Қазан, 2019

Қарағандыда қазан айында 14 ойын алаңы қалпына келтірілді

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеншілер астанасында қазан айының өзінде балалардың 14 ойын алаңы жөндеуден өткізілді. «Мәдениет және демалыс саябақтары мен гүлзарлар басқармасы» КМК басшылығының айтуынша, бұл нысандар кесте бойынша емес, қажеттіліктерге байланысты қалпына келтіріліп жатыр екен.

Қарағандыда қазан айында 14 ойын алаңы қалпына келтірілді

Егер қандай да бір нысанды жөндеу жұмыстарының қажеттілігі туындаса, ол туралы белгілі бір учаскенің шебері басшылыққа хабарлайды. Содан кейін барып ол жерге дәнекерлеушілер мен ағаш ұсталардан тұратын бригада жіберіледі, – дейді КМК өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Жанат Нұржанов.

Кәсіпорын қызметкерлерінің айтуынша, ойын алаңдарында көбіне шынжырлар, темір арқандар, қоршаудың темір торлары, жасанды жабындар тез тозып, жарамсыз болып қалады екен.

Бұл нысандардан бөлек, кәсіпорын қызметкерлері бұл айда Street workout жаттығу құралдары орналасқан төрт алаңның жабынын ауыстырды.

Айта кету керек, Қарағандыдағы «Мәдениет және демалыс саябақтары мен гүлзарлар басқармасы» КМК-нің балансында барлығы 44 балалар және спорт алаңдары бар.