Аймақтар • 24 Қазан, 2019

Алматылық 45 жігіт әскери борышын өтеуге Өскеменге кетті

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Олар осыған дейін психологиялық тест тапсырып, медициналық тексеруден және денсаулықтарының жарамдылығы туралы сыннан өткен.

Алматылық 45 жігіт әскери борышын өтеуге Өскеменге кетті

«Осы жылы күзде Алматыдан қарулы күштер қатарына және басқа да әскери бөлімдерге 1500-ден астам адам жіберіледі.

Бұрынғы жылдармен салыстырғанда қазір жастардың белсенділігі жоғары.Кейбіреулері шақырту алмай-ақ өздері келіп жатыр. Академиялық демалыс алып кетіп жатқандары да бар. Бұл қуантарлық жағдай», – деді Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Амантай Үсербаев.

Оларды   шығарып салуға олардың туыстары мен достары келді.