Аймақтар • 24 Қазан, 2019

Б. Нұрымбетов «Шапағат» оңалту орталығына барды

331 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Мүгедектерді әлеуметтік қолдау біздің Министрліктің басым бағыты болып табылады - Б.Нұрымбетов. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Б. Нұрымбетов «Шапағат» оңалту орталығына барды

Бұл мәлімдемені Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың жұмыс сапары аясында келген «Шапағат» мүгедектерге арналған оңалту орталығына және Шымкенттегі мүгедектерге қызмет көрсету орталығына барғанда айтты. Еліміздің оңтүстік мегаполисінде Қазақстан Республикасы Еңбекминінің басшысы, сондай-ақ «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті және «Әлем білім орталығы» ЖШС жұмысымен танысты. Кездесулер барысында Біржан Нұрымбетов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді.

Шымкент қаласына келіп, Еңбек министрінің басшысы «Шапағат» мүгедектерді оңалту орталығы» КММ-нің ашылу салтанатына қатысты. Ол ұйымда мүгедектерге және 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар және бірінші және екінші топтағы мүгедектерге жартылай стационар жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Орталықтың қызметкерлерімен және мүгедектермен сөйлесу барысында Біржан Нұрымбетов қазіргі уақытта Қазақстанда 690 мың мүгедектігі бар адамдар тұрады деп атап өтті.

«Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жұмыс Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің маңызды басымдығы болып табылады. 2019 жылдың 9 айында мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 198,1 млрд теңге бағытталды. Ағымдағы жылдың 1 қазаныда алушылар саны 521 мың 153 адамды құрайды, жәрдемақының орташа мөлшері – 42 496 теңге. Осы жылдың 1 шілдесінен бастап мүгедектігі бар балаларды және бала жасынан бірінші топтағы 18 жастан асқан адамдарды күту бойынша мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері арттырылды. Оның мөлшері 41 578 теңгені құрайды. Бүгінгі күні жәрдемақының бірінші түрін 27 млрд.теңге сомасында 84,7 мың адам, екінші – 4,3 млрд теңге сомасында 13,5 мың адам алды», – деді Министр.

Біржан Нұрымбетов, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің бір бағыты жартылай стационар және үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету болып табылатынын атап өтті. 2019 жылы бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 1,2 млрд теңге көзделген. Бүгінгі күні мұндай қызметтер 4 мыңнан астам азаматқа көрсетілді.

«Әлеуметтік төлемдермен және арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетумен қатар мүгедектердің ерекше қажеттіліктеріне де көп көңіл бөлінеді. Біздің Министрлік организм функциясының орнын толтыру мақсатында мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық құралдар мен арнайы қозғалыс құралдарының тізбесін өзектендірді. Соңғы үш жылдың ішінде ол 32-ден 55 өнімге дейін кеңейтілді», - деп толықтырды Еңбек министрінің басшысы.

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС мұнай өңдеу зауытының еңбек ұжымымен кездесуде Біржан Нұрымбетов жұмыс орындарын, еңбек заңнамасын сақтауға, өндірістік жарақаттанудың алдын алуға және ұжымдық еңбек дауларының алдын алуға баса назар аударды.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша білім беру қызметтер көрсететін «Әлем білім орталығы» ЖШС оқу орталығында Министр Мемлекет басшысының Жолдауында әлеуметтік аспектілерге – отбасылық бизнес құру, ең алдымен көпбалалы және табысы аз отбасылар үшін бизнесті қолдаудың жаңа нысандарын белсенді енгізу қажеттілігі нақты белгіленгенін атап өтті.

«Мұндай оқу орталықтарының жұмысы өте маңызды! Біздің азаматтар үшін жаңа кәсіби дағдыларды алған кезде жұмысқа орналасу мүмкіндіктері ғана емес, сонымен қатар жеке ісін ашу да кеңейтіледі. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек»  мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, кредиттер мен гранттар беру тетіктері көзделген. Яғни, жаңа мамандық алып, қазақстандықтар өзінің шағын бизнесін ұйымдастырып, басқа азаматтарға жұмыс ұсына алады», - деді Біржан Нұрымбетов.

Шымкент қаласындағы жұмыс сапарының соңында Еңбек министрлігінің басшысы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Департаментінің мүгедектерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты, онда мүгедектік тобын және еңбек ету қабілетінен айрылу деңгейін, организм функцияларының бұзылу дәрежесіне және тіршілік-тынысының шектелуіне байланысты мерзімін анықтау қызметтерін ұсынады.