Аймақтар • 25 Қазан, 2019

Ақжайықтағы аймақтық форум

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысындағы Ақ­жайық шипажайында «Әлеуметтік серіктестікті дамыту: аймақтық даму ерекшеліктері» тақырыбында аймақтық форум өтті.

Ақжайықтағы аймақтық форум

Суретті түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ

Форумға «Мемлекеттік, банк мекеме­лері және қоғамдық қызмет көрсету қызмет­керлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мирболат Жақыпов, осы бірлестіктің Ақтөбе облыстық филиа­лы жетекшісі Мутарита Сағындықова, Атырау облыстық филиалының төрағасы Шыңғыс Әбілов, Маңғыстау облыстық филиа­лының төрайымы Дина Адаева, «Батыс Қазақстан облысының Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлес­тігінің төрайымы Айгүл Есекенова, Мемле­кеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев, Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясы облыстық филиалының директоры Жанболат Даухарин, облыстық кәсіподақ ұйы­мының төралқа мүшелері, аудандық және бас­тауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары және төрайымдары, кәсіподақ мүшелері қатысты.

Өзекті мәселелерді әлеуметтік әріптестік шеңберінде шешу, кәсіподақ міндеттері мен мақсаттарын жүйелеу, кәсіподақ мүшелерінің құқығын қорғау, қолдау, жүйелі оқыту, еңбекті қорғауда қоғамдық бақылау жүргізу жүйесін жетілдеру мақсатында өткен форумда әр аймақтан келген меймандар баяндама жасап, тәжірибелерімен бөлісті.

Форум соңында «Мемлекеттік, банк меке­мелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мирболат Хабиұлы кәсіподақ қозғалысына және әлеуметтік әріптестікті дамытуға белсенді қатысқан бір топ кәсіподақ мүшелерін марапаттады. Бірқатар үздіктер «Мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының үздігі» төс­белгісіне ие болды.

Форумға қатысушылар үзілістен соң, Пре­зидент жанындағы мемлекеттік басқару академиясы облыстық филиалының маманы Лаула Нарушеваның тренингіне қатысты.

 

Батыс Қазақстан облысы