Руханият • 25 Қазан, 2019

«Астана Балет» Павлодарда әлемдік балет жауһарын сахналайды

163 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Павлодарға гастролі барысында «Астана Балет» үш бір актілі балеттен тұратын бағдарламасын көрсетеді. Би салтанаты Естай атындағы Мәдениет сарайында, қарашаның 1-2 күндері өтпекші. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады. 

«Астана Балет» Павлодарда әлемдік балет жауһарын сахналайды

Павлодар сахнасында алғаш рет, америкалық балет негізін қалаған Джордж Баланчиннің «Серенадасы» көрсетіледі. Спектакльдің құпия сюжеті туралы сұрақтарды тоқтату үшін, хореографтың өзі П. Чайковский музыкасына қойылған балетін - «оның жалғыз ғана сюжеті – серенада, қаласаңыз, бұл – ай астындағы» деп сипаттаған-тын. 1934-ші жылы сыныптағы дәрістерінің негізінде «Серенада» балеті қойылғанын естеріңізге саламыз. Балеттегі барлық сюжет иірімдерін Баланчин осы сыныптағы дәрістерінен алғанын айтатын: балеринаның кешігіп қалуы, сахнада жығылуы және т.б.

2017 жылы Баланчин Қорымен шығармашылық ынтымақтастықта әрі хореограф стилі мен техникасының стандарттарына сай жасалған балеттің премьерасы Нұр-Сұлтан қаласында өтті. «Астана Балет» Джордж Баланчин балеттерін сахналаған Орта Азиядағы жалғыз театр.

Екінші бөлімде, павлодарлық көрермен назарына бразилиялық хореограф Рикардо Амарантенің - «Love Fear Loss» және «A Fuego Lento» атты бір актілі балеттері ұсынылады.

«Love Fear Loss» (Махаббат Үрей Айырылу) – Эдит Пиаф музыкасына қойылған, сезім өрнектерінен өрілген үш дуэт. Оның әрқайсысы осы ұлы сезімнің түрлі сатыларын сипаттайды: алғаш сезімге еліту, екеуара қатынастағы қиыншылықтар, сүйген жаныңыздан айырылған шақта бойыңызды кернеген үрей.

«A Fuego Lento» - «баяу жалын» деген мағына білдіреді. Бұл – аргентинаның ұлы композиторларының туындылары мен бразилиялық самбо элементтерінен өрнектелген балет. Ішкі қуаты мен харизмасының арқасында бұл балетті әртістер ғана емес, көрермен қауым да жылы қабылдады. «A Fuego Lento» театрдың барлық гастрольдік бағдарламаларында көрсетіледі. Бұл балет Ковент-Гарден Корольдік театрының (Лондон), Линкольн-орталығының (Нью-Йорк), Монакодағы Гримальди Форумның (Монте-Карло) және өзге де әйгілі театрлардың сахналарында қойылған.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025