Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша тарихи көркі сақталуы тиіс ерекше ғимараттар мен нысандардың тізімін жасау жөніндегі жұмыс басталды. Қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасы сәулет ескерткіштері тізіміне енуі тиіс ғимараттар бойынша түскен ұсыныстарды жинау жобасын іске қосты.
Алматылықтардың пікірі бойынша сақтаулы тиіс ғимараттар туралы ақпаратты almaty.uaig.kz сайтындағы «Бірегей ғимараттар каталогы» айдарына аты-жөні мен тегін, байланыс телефонын, нысанның мекенжайы мен фотосын жіберу қажет. Ізгі ниетті азаматтар ұсынған объектілерді сарапшылар бір айда екі рет қоғамдық комиссияда талқылайды және «Алматының бірегей ғимараттарының каталогына» енгізіледі. Қоғамдық тыңдау болатын күн кейінірек жарияланады.
Қазіргі кезде 757 құнды тарихи ғимараттар анықталды. Алматының тарихи-мәдени мұрасымен айналысатын сәулетшілер мен белсенділердің кәсіби бір тобы қаланың сәулет ұқсастығын зерттейтін (Archcode Almaty) жобасын ұсынуда, сонда кеңес дәуірі кезінде салынған Қазақстанның бұрынғы астанасының барынша бірегей ғимараттары да еніп, каталогтың мәні арта түсер еді.
Архитектор Жанат Айтілеу бізбен ғимараттарды тарихи ескерткіш ретінде сақтап қалу туралы Үкіметтің шешімі бар. Қазір қала билігінің қолында тарихи ескерткіштердің республикалық және Алматы қаласы деңгейіндегі екі тізімі бар. «Тарихи ескерткіш болып табылатын ғимарат, ол кімнің меншігінде болса да, Үкіметтің қорғауында тұр. Оны бұзып, түрін өзгертуге ешкімнің құқы жоқ», дейді Жанат Айтілеу.
Бұрындары Алматы қаласы ғимараттарының жасы көрсетілген карта болды, оның құрамына 250 мыңға жуық нысан енген. Карта қала құрылысының 7 кезеңін қамтиды: Верный кезеңінен бастап бүгінгі күнге дейін:
1) 1927 жылға дейін, қаланың астана атануы;
2) Астаналық авангард: 1927-1935 жылдар;
3) Классикалық және ұлттық мұраны игеру: 1936-1941 жылдар;
4) Соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі классицизм: 1942-1957 жылдар
5) Ерте модернизм: 1958-1969 жылдар;
6) «Жоғары» модернизм: 1970-1995 жылдар;
7) Заманауи: 1995 жылдан кейін және бүгінгі күнге дейін.