Аймақтар • 25 Қазан, 2019

Тәлімгерлердің жастар өміріндегі рөлі

660 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәлімгерлер Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму минстрлігінің гранттық негіздегі қолдауымен өңірлерді аралауда. Осыған сәйкес, бүгін белсенді өңірлік тәлімгерлер Щучинск қаласында жастармен кездесу өткізді.

Тәлімгерлердің жастар өміріндегі рөлі

Елбасымыз 2018 жылдың 5 қазанындағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында осы 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялаған болатын. Аталмыш шара «Жастар жылы» аясында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің гранттық қолдауы арқылы жүзеге асырылып отыр. Қазіргі кезеңде республиканың барлық аймақтарында жастармен кездесулер, семинар-тренингтер, сұқбат алаңдары, жастар кемпі, көшпелі шаралар өткізілді.

Қоғамдық қор Ақмола облысының Щучинск қаласында өзінің кезекті жастармен кездесуін өткізді. Көшпелі шараның тақырыбы: «Ментерлер - жастар тәлімгерлері іспетті»

Өңір жастарымен жұмыс жасау үшін арнайы жоба аясында дайындалған аймақтық және елордалық спикерлер, ментерлер, тренерлер жасалды. Шараға 100-ден астам жастар қатысты. 

фото

Сонымен бірге шараны қолдауға сұқбат алаңының спикерлері Парламент Мәжілісінің депутаты Айсина Майра Арапқызы, қоғам қайраткері, Парламент Мәжілісінің 5-ші шақырылым депутаты Жазылбеков Нұрлан Әбдіжаппарұлы, қазақ телевизиясының дауылпаз дикторы, журналист – Әбдірәлі Бөлебай,  танымал тележүргізуші Санди Сұлтан, Нұр-Сұлтан қаласының танымал тренер жүргізушілері және қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары халықаралық конкурстардың лауреаты Мирас Жугунусов пен эстрада әншісі Досанәлі Дауылбаев  өздерінің жетістікке жету тарихы жайлы жастармен бөлісті.

фото

Жобаға Ақмола облысы, Бурабай ауданы Щучинск қаласының әкімшілігі мен өңірдің жастар көшбасшылары қолдау көрсетті.