Саясат • 25 Қазан, 2019

Елбасы Александр Лукашенкомен кездесті

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы elbasy.kz хабарлады. 

Елбасы Александр Лукашенкомен кездесті

Кездесу барысында Елбасы екі ел арасындағы достық қатынастарды сақтаудың және одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

– Біздің елге сапармен келгеніңізге қуаныштымын. Біз бірге талай қиындықтардан өттік. Осы жылдардың ішінде бір-бірімізден біраз нәрсе үйрендік. Қазір әлем айтарлықтай өзгеріп жатыр. Мұндай жағдайда қол жеткізген жетістіктерді сақтап қалу маңызды. Сізді Беларусь Республикасына сіңірген барлық еңбегіңіз бен адами қасиеттеріңіз үшін құрметтеймін. Сондай-ақ, Сіздің сенімді досыңыз болып қала беремін, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде, Александр Лукашенко Қазақстанның Тұңғыш Президентінің өңірлік интеграциялық бірлестіктер аясында ынтымақтастықты дамытудағы маңызды рөлін атап өтті.

– Сізді Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті Төрағасы ретінде Санкт-Петербургте өтетін Кеңес отырысына шақыру жөнінде ортақ ұсыныс түсті. Бұл басқосуда алдағы перспективаларды айқындаймыз. Тағдыр Қазақстан, Беларусь пен Ресейге посткеңестік кеңістіктегі осы интеграцияның ядросы болуды жазды. Қазақстан Сіз арқылы әрқашан осындай интеграцияның бастамашысы болды. Сондықтан жұмысты осы қарқынмен жалғастыру керек, - деді Беларусь Республикасының Президенті.

1

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025