Қоғам • 25 Қазан, 2019

Б. Бекназаров: Ел игілігі үшін еңбек етіңіздер

608 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров Сенат Аппаратында тағылымдамадан өтіп жатқан «Жастар кадрлық резерві» республикалық жобасының жеңімпаздарымен кездесті. Бұл туралы Парламент палатасының баспасөз қызметі хабарлады. 

Б. Бекназаров: Ел игілігі үшін еңбек етіңіздер

Сенат Аппараты 18 жылдан астам уақыт бойы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға белсенді қатысып келеді. Сенатта жыл сайын 30-дан 60-қа дейін студент тәжірибеден өтеді.

Сенат Төрағасының орынбасары Б.Бекназаров кездесуде жастар туралы айта келіп, өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Ол ұлы ойшыл әл-Фарабидің «Кез-келген елдің болашағын көргің келсе, сол елде тұрып жатқан жастардың тыныс-тіршілігіне қара» деген сөзін еске сала отырып, жас ұрпақтың болашағына сенім білдірді және тілегін жеткізді. Б.Бекназаров сондай-ақ жас мамандардың педагогтардың мәртебесі, мемлекеттік тілді дамыту, білім беру, ұлттық құндылықтарды нығайту, Қазақстан полициясындағы реформа және тағы басқа мәселелер бойынша бірқатар сұрақтарына жауап берді.

«Отанымыздың гүлденуі мен әл-ауқаты Сіздердің қолдарыңызда. Ел игілігі үшін еңбек етіңіздер. Адам тағдырына әрдайым мұқият болыңыздар, өз елінің патриоты атаныңыздар. Баршаңызға игілік пен табыс тілеймін», - деді Б.Бекназаров.