25 Сәуір, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №45

445 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №45

Бейсенбі, 25 сәуір 2013 0:48

2013 жылғы 25 қаңтар Астана, Үкімет Үйі

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен
ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың
қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1400 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

Бейсенбі, 25 сәуір 2013 0:48

2013 жылғы 25 қаңтар Астана, Үкімет Үйі

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен
ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың
қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1400 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 51, 648-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19,20,21,22,24, 24-1, 25-қосымшаларға сәйкес ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу шарттары;»;
3-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«осы қаулыға 24, 24-1-қосымшаларда көрсетілген жекелеген республикалық ұйымдардың және коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың мамандары мен қызметшілерінің лауазымдық жалақылары (ставкалары) лауазымдық жалақыларды (ставкаларды) есептеу үшін коэффициенттердің белгіленген мөлшеріне 1,72 жоғарылататын коэффициентті қолдана отырып айқындалады;»;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес 24-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. АХМЕТОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 каңтардағы № 45 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына 24-1-қосымша

Басшыларға, мамандарға және қызметшілерге еңбекақы төлеуді
жоғарылату коэффициентімен жүзеге асырылатын «Академиялық»
мәртебесі бар коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың тізбесі

1. Астана қаласы әкімдігінің «Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ му­зыка­лық драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
2. Астана қаласы әкімдігінің «М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.