Аймақтар • 26 Қазан, 2019

Төрт күн ішінде жаяулар жол ережесін 267 рет бұзған

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

21 қазаннан бастап Солтүстік Қазақстан облысының полициясы төрт күн бойы жедел-профилактикалық іс-шаралар жасау мақсатымен «Қауіпсіз жол» акциясын жүргізіп, оған 300-ден астам полицей тартылды.

Төрт күн ішінде жаяулар жол ережесін 267 рет бұзған

Соның ішінде 159 патрульдік полицей, 153 учаскелік инспектор және басқа қызметтердің 64 тәртіп сақшысы қатысты. Жалпы айтқанда, полицияның барлық күш - құралдарыжұмылдырылды. Облыс жолдарында 111 бекет пен автопатрульдер қойылды, оның ішінде 39-ы қалаларда және елді мекендерде, 31-і республикалық маңызы бар жолдардаорналастырылды.

Облыстық Полиция департаменті бастығыныңбірінші орынбасары, полиция полковнигі ДуманТаевтың айтуына қарағанда жедел-профилактикалық іс-шараның мақсаты - жолқозғалысы қатысушыларының арасында жолдажүру тәртібін арттыру, ЖЖЕ бұзушылықтарыныңалдын алу, жол-көлік оқиғаларын болдырмау екен.

Төрт күнге созылған іс-шараның барысында облыс жолдарында жол жүру ережелерінің 1580 бұзушылығы анықталды. Көлікті масаң күйдетізгіндеген 37 жүргізуші ұсталды. Қауіпсіздікбелдігін пайдаланбағаны үшін - 200, сондай-ақжылдамдықты асырғаны үшін 224 жүргізушіжауапқа тартылды. Ең көп бұзушылық жаяужүргіншілер тарапынан тіркелді, олардың жалпысаны – 267.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарына қарағанда  операцияның көздеген мақсаты - толтырылған хаттамалардың көп болғандығы емес, жүргіншілердің аман болуы үшін күзден қысқа айналар маусымаралық кезеңде жол-көлік оқиғаларын ескерту және олардың алдын алуға басымдық беру болып отыр.