Аймақтар • 27 Қазан, 2019

Болат Бақауов өңір тұрғындарын қабылдады

192 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Облыс әкімі «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы Болат Бақауов өңір тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.        

Болат Бақауов өңір тұрғындарын қабылдады

Қоғамдық қабылдауға жауапты органдардың басшылары қатысты.  Келушілердің бірі-кәсіпкер, мемлекеттік бағдарламаның қатысушысы Әнуарбек Далабаев өткен жылы «Аграрлық-несиелік корпорациясы» арқылы 30 млн теңге несие рәсімдеп, ірі қара мал алуды жоспарлаған. Бірақ «МТС Жайма» ЖШС малдарды жеткізіп бермеген. Келісімшарт жасалған. Биыл 10 миллион теңге көлемінде алдын ала төлем жасап қойған. Облыстық полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Рашат Өтеуов  тергеу басталғанын айтты. Кәсіпкерге партия филиалы тарапынан заңгерлік қолдау көрсетіледі.

Ал, көп балалы ана Жанна Қожамбаева баласының оқуына грант сұрау үшін Екібастұз қаласынан келді. Қарағанды медициналық университетінде ақылы бөлімде білім алуда.

Биыл медицина саласы бойынша облыс әкімінің грантын ұтып алған 4 студент оқудан бас тартқан. Сондықтан, бір грант енді Жанна Қожамбаеваның қызына берілетін болды. Өзге гранттар да басқаларға тапсырылады.

Гүлнәр Досмағамбетова өңір басшысынан үй мәселесін шешуде көмек көрсетуін сұрады.  Болат Бақауов жалғызбасты анаға ауылдық жерге көшіп, бос тұрған үйді пайдалануды ұсынды. Г.Досмағамбетова ауылға көшуге дайын екенін жеткізіп, алғысын білдірді.

Пәтер кезегінде тұрған Зарина Мукина балаларымен бірге пәтер жалдап тұруда. Облыс әкімі З.Мукина жұмыс істеп жатқан трамвай басқармасымен байланысқа шығатынын айтты.

Ал, Рыскен Жанғожина облыс  орталығындағыкөшенің біріне әкесі Жұмабек Жанғожиннің есімі берілсе екен дейді.

Әкесі Аққулы ауданында туған, Социалистік Еңбек Ері. 1966-1971 жылдар аралығында «Облыстың үздік шопаны», 1972-1987 жылдары «Республиканың үздік шопаны» атанған.Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ернұр Дәуенов  Мәдениет және спорт министрлігіне хат жолданғанын айтты.  

Қоғамдық қабылдауға келгендердердің қатарында жер учаскесін алу, пәтер иелерінің кооперативінің жұмысына шағым түсіру, кітап шығару ісіне көмек көрсету бойынша сауал қойғандар болды. Облыс әкімі барлық мәселені тыңдап, басқарма басшыларына тиісті тапсырма берді.