Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған үкіметтік жұмыс тобы Түркістан облысында болды. Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауының орындалуын насихаттау мақсатында келген жұмыс тобы тарихи Отырар ауданын аралады.

Әл-Фараби еңбектерін Отырарға алдыру қажет
Отырардағы музейді қалпына келтіріп, ішіндегі жәдігерлерді жөндеу керек. Келген қонақтар, шетелдіктер VIII-IX ғасырдағы қазақ халқының өмірімен, мәдениетімен танысуы тиіс. Әлемде фарабитанумен айналысатын 11 орталық ашылған. Сыртқы істер министрлігінің, елшіліктердің араласуымен сол орталықтардағы ғұламаның еңбектерін алдыру қажет. Фарабитанушыларды шақырып ақылдасу, әндері мен шығармаларын жарыққа шығаруымыз керек. Көне Отырар қалашығы жанында жаңадан салынған «Сапар орталығында» өңірдің зиялы қауым өкілдері мен тарихшылар, ғалымдар бас қосқан алқалы жиында Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев осылай деді. Басқосуда мерейтойға дайындық жұмыстары пысықталып, жергілікті тұрғындар мен ғалымдар ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Отырар өңіріндегі тарихи нысандардың қазіргі жағдайы мен сәулетіне қандай өзгерістер енгізу керек, тағы қандай нысандар жөнделгені дұрыс деген мәселе талқыланды. Бұл ретте ғалымдар Шәуілдірде Отырар кітапханасы ашылса, әл-Фарабидің туған жері саналатын Оқсыз ауылы қайта қалпына келтірілсе деген ұсыныстарын жеткізді. Әлемге танымал ғұлама ойшыл, философ әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған маңызды шаралардың бірі Отырар ауданының орталығы Шәуілдір ауылында да өтеді. Мерейтой ресми түрде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде басталады. Негізгісі – «Әл-Фараби және әлемдік өркениет» халықаралық ғылыми симпозиумы. Бұдан өзге де көптеген шаралар ұйымдастырылып, ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде іс-шара өткізумен аяқталмақ. Үкіметтік жұмыс тобы Шәуілдір ауылында күрделі жөндеуден өтіп жатқан мәдениет үйінің құрылыс жұмыстарымен танысты. Үкімет басшының орынбасары аудан орталығындағы алаң мен Әл-Фараби ескерткішінің бүгінгі жағдайымен танысты. Отырар мұражайын аралап көріп, онда да бірқатар жөндеу жұмысын жасау қажеттігін атап өтті.
«Бұл қала сіздер үшін салынып жатыр»
Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин Түркістанда өңір жастарымен кездесу өткізді. Жастар жылының аясында атқарылып жатқан жұмыстар баяндалған кездесуде Үкімет басшысының орынбасары жоғары және колледж студенттеріне «Дипломмен – ауылға!» және «Серпін» бағдарламаларының мүмкіндіктері туралы айтып берді. «Бүгінде Түркістан үлкен құрылыс алаңына айналды. 10 жылдан кейін қала адам танымастай өзгеріп шыға келеді. Бұл қала сіздер үшін салынып жатыр. Сондықтан рухани астананың өкілі ретінде түркістандық жастар бүкіл Қазақстанға үлгі болуы тиіс», деді ол. Кездесуде оңтүстіктегі жастарды солтүстік өңірлерге көшіру мәселелері мен оның тиімді жолдары, сондай-ақ келер жылдан бастап волонтерларға әлеуметтік несиелер берілетіні және стипендия көлемі 30 пайызға артатыны айтылды. Қазақ жастарының білімі мен мәдениетін талапқа сай қалыптастыру жайы да назардан тыс қалмады. «Біздің жастар шет тілдерін еркін меңгерген, заман талабына сай білім алған болуы керек. Сонда әлемнің кез келген елінде жұмыс істей алады. Президент Жолдауда дарынды балаларды қолдаудың «Жол картасын» әзірлеуді тапсырған болатын. Осыған орай Үкімет «Ел үміті» атты жоба жасап шықты. Жоба аясында келер жылдан бастап Қазақстан бойынша ең дарынды 1000 бала іріктеліп, мемлекеттің қамқорлығына алынады. Олардың отансүйгіштік тәрбиесі мен лайықты әрі терең білім алуына жағдай жасалады», деді вице-премьер.
АӘК-тің шарттары туралы толық білмейді
Үкіметтік жұмыс тобының облысқа сапары аясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов тұрғындармен кездесіп, Nur Otan партиясының облыстық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді. Ал Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалының «Open Space» форматындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке қабылдаған министр әрбір арыз-шағымға кең көлемде жауап беріп, кеңесін айтты. Кей мәселелердің шешілуін бақылауында ұстайтынын айтып, әкімдіктер мен мекеме басшыларына тапсырма берді. Әрбір шағымданушы туралы мәліметті тіркеп алды. «Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй мәселесін қозғады. Атаулы әлеуметтік көмектің уақтылы төленбеуі жайлы да шағымданғандар бар. Бүгінде бюджет тарапынан Түркістан облысына тиісті қаражат аударылып, қазан айының атаулы әлеуметтік көмегінің қаражаты төленіп жатыр. Жалпы Түркістан облысында 103 мың отбасы, 500 мың адам атаулы әлеуметтік көмекті алады. Кей жағдайда тұрғындар осы көмектің шарттары туралы толық білмейді. Оларға кеңес берілді. Сондай-ақ бос жұмыс орындарын ұсынатын мемлекеттік бағдарламалар туралы да мағлұмат жетпегендер бар. Өңірлердегі жұмыспен қамту орталықтарына барып, мағлұмат алып қана қоймай, жұмысқа орналасуға болады», деді министр Б.Нұрымбетов.
Ауруханалар 100 пайыз цифрландыру жүйесіне көшкен
Бұл күні Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Түркістан облысындағы бірқатар нысандарды аралады. Нақтырақ айтсақ, Елжан Біртанов пен облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев алдымен Ордабасы аудандық ауруханасының жұмысымен танысып, ұжымымен кездесті. Ордабасы аудандық ауруханасына Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Түркістаннан 15 жас дәрігер жұмысқа орналасқан. Ауылдағы медицинаны көтеруге бел буған жас мамандар жәрдемақыларын алып, жұмыстарының ойдағыдай жүзеге асып жатқанын жеткізді. Министр аталған ауруханаға науқастың сырқатын бекітетін «Триаж» жүйесімен қамтуға көмек көрсетілетінін айтты. Сондай-ақ министр сапар барысында Отырар аудандық ауруханасының тыныс-тіршілігімен танысты. Бала туу көрсеткіші бойынша ылғи көш бастап келе жатқан өңірде ана мен бала өлімі былтырғымен салыстырғанда төмендеген.
Түркістан облысы
Руханият • Бүгін, 15:25
Атырауда үйден өрт шығып, 4 бала құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 15:23
Әскери қайраткер Ким Серікбаев дүниеден өтті
Қоғам • Бүгін, 15:03
Тұғыл тұрғындары балықшының мәйітін судан шығарды
Аймақтар • Бүгін, 14:59
Президент Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Бүгін, 14:43
Сарыағашта құтқарылған тасбақалар табиғат аясына қайта жіберілді
Аймақтар • Бүгін, 14:22
Қостанайда бес метрлік мұзды тау жолды жауып тастады
Видео • Бүгін, 14:13
Отбасылық жанжал кісі өлімімен аяқталды
Оқиға • Бүгін, 14:12
Польшада 13 боксшымыз қарсыластарын жайпап келеді
Спорт • Бүгін, 14:02
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 13:37
Президент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:22
ІІМ Қазақстан жолдарына қатысты адам шошырлық дерек айтты
Қоғам • Бүгін, 13:10
Елордадағы Триатлон саябағынан 66 көше шамы ұрланды
• Бүгін, 13:07
Қарағандыда қылмыстық топ құрықталды
Қоғам • Бүгін, 12:59
ШҚО-да 10 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады
Аймақтар • Бүгін, 12:58
Қазақстанда алтын өндіретін кәсіпорынның құрылысы басталды
Қазақстан • Бүгін, 12:46
Бейбіт Атамқұлов жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды
Аймақтар • Бүгін, 12:41
Елімізде кинотеатр билеттері айтарлықтай қымбаттады
Кино • Бүгін, 12:38
Жануарларға жәбір көрсеткендерге қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Экология • Бүгін, 12:33
Қазақстанның оңтүстігінде күн суытады
• Бүгін, 12:18
Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды
Саясат • Бүгін, 12:15
Әлемдегі ең үлкен айсберг еріді
• Бүгін, 12:06
Мемлекет басшысының апталық жұмысына бейне шолу
Видео • Бүгін, 12:05
Сарапшылар құбырдағы судың сапасын тексерді
Экология • Бүгін, 12:03
Нұр-Сұлтанның орталығында жол опырылып түсті
Оқиға • Бүгін, 11:49
Nur Otan-ның жұмысын 1738 қоғамдық кеңес қадағалайды
Қоғам • Бүгін, 11:45
Экономика • Бүгін, 11:44
«Ертіс орманы» резерватындағы өрт сөндірілді
• Бүгін, 11:36
Елбасы Түрікменстан президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Елбасы • Бүгін, 11:20
Қазақстанда коронавирустан 23 науқас көз жұмды
Қоғам • Бүгін, 11:14
Қазақстанның Қырғызстан және Үндістандағы елшісі қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 11:12
Мемлекет басшысы бірқатар мемлекетке жаңа елшілер тағайындады
Тағайындау • Бүгін, 11:08
Ерлан Әлімбаев Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:56
ШҚО-дағы Шар өзенінде балық қырылуда
Аймақтар • Бүгін, 10:49
Мемлекет басшысы Түрікменстан президентіне көңіл айтты
Президент • Бүгін, 10:39
Шымбұлақ шыңынан 6 адам құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 10:32
Бокс федерациясына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:30
Атлах-Талас шайқасы: Ұлы жеңіске 1270 жыл
Тарих • Бүгін, 10:20
Қазақстанда вакцина салдырғандар саны 700 мыңға жуықтады
Коронавирус • Бүгін, 10:15
Биыл 683 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды
Қоғам • Бүгін, 09:59
Құрттың ішінен есірткі табылды
Аймақтар • Бүгін, 09:43
Спорт • Бүгін, 09:40
Қызылордада ауа сапасы нашарлайды
Аймақтар • Бүгін, 09:22
Шекарашы сарбаздар ант қабылдады
Қазақстан • Бүгін, 09:20
Ақтоты Райымқұлова Ғазиза Əбдінәбиеваның отбасына көңіл айтты
Өнер • Бүгін, 09:14
Кәсіпқой бокс: IBF-тің рейтингі жарияланды
Спорт • Бүгін, 09:11
Елімізде бір тәулікте 2719 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:03
Теннис • Бүгін, 07:56
Хоккей • Бүгін, 07:54
«Сары мысық» фестивальді ашады
Кино • Бүгін, 07:52
Руханият • Бүгін, 07:50
Тасқынға қарсы әзірлік ойдағыдай
Оқиға • Бүгін, 07:40
Әлем • Бүгін, 07:38
Аймақтар • Бүгін, 07:33
Жұмыскерлер жалақысы 30 пайызға өседі
Қоғам • Бүгін, 07:29
«Мал ашуы – жан ашуы» (Ұры-қары жұртты қашанғы басынады?)
Қоғам • Бүгін, 07:27
Шымкенттіктерді қоныс аударуға шақырды
Аймақтар • Бүгін, 07:26
Заң шығару талаптары жаңартылды
Саясат • Бүгін, 07:25
Бірінші тоқсанда – 19 848 бірлік автомобиль
Экономика • Бүгін, 07:24
Бурабай баурайындағы берекелі бірлік
Аймақтар • Бүгін, 07:22
Вокзалдардағы шектеулер туралы
Қоғам • Бүгін, 07:20
«Сары аймақта» сақтық күшейтіледі
Қоғам • Бүгін, 07:17
Көп қабатты тұрғын үйге сұраныс көбейді
Қоғам • Бүгін, 07:14
Сұхбат • Бүгін, 07:13
Ауыл мәдениетінің ауқымы тарылмасын
Ауыл • Бүгін, 07:12
Астық егетін аймақтарда науқан мамырда басталады
Экономика • Бүгін, 07:12
Төрт боксшы ширек финалға шықты
Бокс • Бүгін, 07:10
45 мың бет дәрілік нұсқаулықтар аударды
Қоғам • Бүгін, 07:05
Инвестициялық штаб жиынында қаралды
Үкімет • Бүгін, 07:01
Актриса Ғазиза Әбдінәбиева өмірден озды
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар