Аймақтар • 28 Қазан, 2019

Семейде халыққа қызмет көрсету сапасы жақсартылды

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семей қаласы әкімдігі жанындағы ақпараттық орталық өз қызметін бастады. Орталық «бір терезе» қағидаты бойынша халыққа қызмет көрсететін болады. Салтанатты ашылу рәсіміне әкімдік қызметкерлер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және БАҚ өкілдері қатысты.

Семейде халыққа қызмет көрсету сапасы жақсартылды

Жақында ғана облыс әкімі Даниал Ахметов халыққа электрондық қызмет көрсету деңгейін қатаң сынға алған болатын, - деді қала әкімі Ермак Сәлімов, бүгін облыс әкімінің тапсырмасын орындай отырып, біз фронт-кеңсені іске қосамыз. Біз үшін бұл жаңа жоба, сондықтан бастапқы кезеңде де белгілі бір қиындықтар болады деп ойламаймыз. Біз халықтың түйткіл мәселесін шешуде тиімді жұмыс жасай алатынымызға сенімдіміз.

Ақпараттық орталықтың жұмысы халыққа қызмет көрсету орталықтары қағидаты бойынша, яғни «бір терезе» қағидаты бойынша құрылатын болады. Мұнда азаматтарға қала әкімі аппараты, сондай-ақ әкімдіктің дербес салалық бөлімдері көрсететін мемлекеттік қызметтердің барлық тізбесі көрсетілетін болады. Сонымен қатар әрбір азамат әкімдіктің салалық бөлімдерінің мамандарына өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, проблемалық мәселелер бойынша кеңес ала алады. Сондай-ақ мұнда азаматтар жазбаша арыздарға, өтініштер мен шағымдарға жауап ала алады. Жұмыс күндері фронт-кеңсе таңғы сағат 9.00-ден кешкі 18.30-ға дейін істейтін болады.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50