Бұл Қазақстан Үкіметі Басшысының Нидерландыға екіжақты қарым-қатынас тарихындағы алғашқы сапары болады, онда Нидерланды Корольдігінің Премьер-Министрі Марк Рюттемен кездесу өтеді. Келіссөздер барысында тараптар екіжақты инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастық перспективаларын талқылайды.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстан-Голландия бизнес-форумына қатысып, Shell, BITFURY, SUEZ GROUP, Farm Frites, Dutch Fruit Solutions Kazakhstan компанияларымен келіссөздер өткізеді және бірқатар инновациялық нысандарды аралайды.