Аймақтар • 28 Қазан, 2019

«Алматыметроқұрылыстағы» тікетірес дауға ұласты

584 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Бүгін Алматыда «Алматыметроқұрылыс» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Рейімов құқық қорғау орындары тарапынан болып жатқан заңсыздықтар туралы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовке ашық хат жазатынын мәлімдеді.      

«Алматыметроқұрылыстағы» тікетірес дауға ұласты

Қайрат Рейімовтің атына қозғалған қылмыстық іс Қазақстан Республикасының ҚК 2т. 190  бап бойынша № 190000041000072 қылмыстық іс болып тіркеліпті.

«Bank RBK» АҚ басқарма төрағасының  міндетін атқарушы А. Токаревтың 12.03.2019 жылы қол қойған «36004798231,02 теңге сомасында Банк қаржысын ұрлады» деген айыппен  компаниядағы жауапты тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы» арызымен басталыпты.  

Қ. Рейімовтың  түсіндіруінше,    әуел   баста бұл азаматтық –құқықтық іс болатын.  Себебі Bank RBK және біздің компаниялар арасында банк  қарызы   туралы шарт бар. Бұл шарт 150 пайызға дейін кепілмен қамтамасыз етіліпті. Ойдан жасалған қылмыстық істі қозғағанға дейін «Алматыметроқұрылыс»   акционерлері   өздерінің наразылықтарын азаматтық-құқықтық тәртіпте шешіп келіпті.

«Компаниялар мен банк арасындағы қарыздың үштен бірі өтелген. Және қарызды өтеу және берешекті есепке алу туралы мәміле де жасалған» дейді Қайрат Рейімов.

Қайрат Рейімов, сондай-ақ бұл істің қылмыстық тәртіпте қарастырылмауы керек екенін жиналғандардың  қаперіне салып өтті. Бүгін бір-бірімен келісімге келе алмай отырған   «Алматыметроқұрылыс»  акционерлерінің иелігіндегі   «Инженерлік қолдау құрылыс компаниясы» мен  «ДК Инвестмент» ЖШС арасында 2014 жылы 20 наурыз айындағы шарт  аясында бағалы қағаздарды сату және сатып алу туралы келісімге  қол қойылған. Осы шартқа сәйкес «Инженерлік қолдау құрылыс компаниясы» «ДК Инвестмент» ЖШС-не   «Алматыметроқұрылыс» АҚ акцияларының 39 пайызын табыстау туралы міндеттемені қабылдап, Дінмұхаммед Ыдырысов пен «Алматыметроқұрылыс» АҚ арасында шартқа қол қойылған.«Шартта көрсетілген 39 пайыз акцияны мен тапсыруға дайынмын.  Бірақ оны заңды түрде жүргізу керек. Ол  үшін акцияларды немесе бағалы қағаздарды қолданыстан шығарып, екінші тараптың иелігіне өткізу туралы екі бұйрық күшіне ену керек.  Бірақ Ыдырысовтан бағалы қағаздарды тапсыруға бұйрық болған жоқ. Т1,5 млрд қарызға келетін болсақ, «Метроқұрылыс» АҚ оны төлеуге дайын, бірақ несие беруші  оны қабылдап алуға дайын емес, ол бізбен келіссөз үстелінде отырмайды. Мен 2019 жылдың наурыз айынан  бері  Ыдырысовпен  кездескен жоқпын. Егер ол  маған 80% акцияны өзіне  беруім керек деген құжатты ұсынса, мен оны дереу тапсырамын» дейді Қайрат Рейімов.

Жоғарыда аталған деректерге қарамастан, басында ҰҚК, кейін Экономикалық бергеу департаменті, қазір Полиция департаменті Прокуратураның қадағалауымен азаматтық  құқықтық және коммерциялық дау сипатындағы жағдайға қатысты қылмыстық қудалауды алты айдан бері жалғастырып келе жатыр. 

«Алматыметроқұрылыс»  АҚ Директорлар кеңесінің төрғасы Қайрат Рейімовтың айтуынша, жақында полиция департаменті жоғарыда атап өткен екі  істі бір қылмыстық іске біріктіріп тастапты.

«Дінмұхаммед Ыдырысов, Прокуратура, Полиция  Қайрат Рейімовке қарсы шығып отыр.   Мұны қалай тоқтатуға болады?» дейді Қайрат Рейімов.

Өткен аптада  «Алматыметроқұрылыс» акционерлерінің текетіресі метро құрылысын тұралатуы мүмкін»   деген  хабар тараған болатын. 

Қ. Рейімов  акционерлер  арасындағы теке-тірес   «Алматыметроқұрылыс» жұмысына кедергі келтіруі мүмкін»  деген қауіпті жоққа шығармайды. Себебі  АҚ-ның 80 пайыз акциясы қазір бұғатталған. 

«Мен метро құрылысы тоқтайды деп ойламаймын, бірақ мен құқық қорғау органдарының қандай іс-қимыл жасай алатындығын елестете алмаймын.  Метродағы жұмысшылардың кез-келген мәселелерге қатысты алаңдаушылығын  мен түсінемін» дейді Қайрат Рейімов. 

Жоғарыда айтып кеткендей, «Алматыметроқұрылыс» акционерлері арасындағы теке-тірестің басталғанына жарты жыл  болды. Қайрат Рейімовтің түсіндіруінше, Алматы метрополитенінің екі станциясы құрылысы кестеге сай жүріп жатыр. Қаржыландыру жағынан кедергілер болмаса, екі станция да 2020 жылдың соңына қарай пайдалануға беріледі. 

24 қазанда «Алматыметроқұрылыс» қызметкерлері төрағасы Реимовты қылмыстық қудалау екі метро станциясының құрылысын жалғастыруға қауіп төндіретінін БАҚ арқылы мәлімдеген болатын.  

25 қазанда Алматы Метрополитені басшылығы құрылыстың тоқтап қалуына себеп жоқ екенін, жұмыс жалғасып жатқанын хабарлаған.