Үкімет • 28 Қазан, 2019

462 елді мекен Интернетпен қамтылады

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев ауыл тұрғындарын кең жолақты Интернетпен қамтамасыз ету бойынша елімізде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы депутаттарға айтып берді. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

462 елді мекен  Интернетпен қамтылады

2019 жылдың соңына дейін байланыс операторлары Қазақстанның он бір облысына, нақтырақ айтқанда облыс, аудан орталықтарынан шалғайда орналасқан 462 елді мекенге талшықты-оптикалық байланыс желілерін жүргізеді. Осылайша, 496 мектеп, 389 аурухана, 312 әкімдік, апаттық қызметтердің 13 бөлімшесі, ауыл шаруашылығы саласының

50 пункті және т.б. жоғары жылдамдықты интернетке қосылу мүмкіндігіне ие болады.

Бұл жұмыс аудан және облыс орталықтарынан шалғайда орналасқан  ауыл тұрғындарын сапалы интернетпен  қамтамасыз ету үшін "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы аясында қолға алынғанын айтып өткіміз келеді. Осы орайда,  елімізде қазіргі уақытта 2 негізгі жоба жүзеге асырылуда:

-талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысы. Жоба толық  іске асқан жағдайда, 2020 жылдың соңында 1 250 ауылдық елді мекеннің тұрғындары жоғары жылдамдықты Интернетке қол жеткізеді;

-2020-2022 жылдар ішінде LTE (4G) ұялы байланыс желісін және басқа да технологияларды дамыту арқылы 3 143 ауыл интернетпен қамтамасыз етіледі.

Жоғарыда көрсетілген жобаларды іске асыру шеңберінде 2020 жылдың соңына дейін тұрғындарының саны 250-ден асатын 880 ауыл кең жолақты Интернет желісіне қол жеткізеді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 2022 жылы 5 089 ауылдық елді мекен Интернет желісімен қамтылады. 

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025