Фильмнің түсірушілері осы бірегей жоғары оқу орнының көптеген атақты түлектерімен кездескен.
Олардың ішінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев та бар. Қазақстан Президенті аталған жоғары оқу орнына қалай оқуға түскенін, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетінде алған білімі өзінің өмірінде қандай рөл атқарғанын айтты.
Мемлекет басшысынан бөлек осы оқу орнының белгілі түлектері – Әзербайжан Президенті Ильхам Алиев, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы Мирослав Лайчак, РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров және басқа да ірі саясаткерлер мен бизнесмендер өздерінің студент кездеріндегі естеліктерімен бөлісті.