Технологиялық кәсіпкерлер санының өсуін ынталандыратын, ақпараттық-коммуникациялық нарықтағы жаңа ойыншыларды іздеуге және қолдауға бағытталған, Астана Хаб халықаралық IT стартап технологиялық паркі құрған «ASTANA HUB BATTLE» байқауы 2019 жылдың 25 қыркүйек айының 25 басталып, 20 қазанға дейін созылды.
Үш кезеңнен тұратын іріктеу қорытындысы бойынша 1 орын үшін 15000 АҚШ доллары, 2 орын үшін 10000 АҚШ доллары және 3 орын үшін 5000 АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай сыйлықтардың жеңімпаздары анықталды. Байқауға 100 жуық стартап қатысты.
Халықаралық форумның екі күнінде командалар қонақтарды, шетелдік сарапшыларды, сондай-ақ әлеуетті инвесторлар мен серіктестерді өз өнімдерімен таныстыруға мүмкіндік алды.
Екінші орын иегерлерін марапаттай отырып, компанияның қазақстандығы офисінің мемлекеттік органдармен жұмыс жөніндегі директоры Андрей Желтиков мырза: «Біз осындай жарқын жобаға қатысып, конкурс жеңімпаздарын құрметтегенімізге қуаныштымыз. Huawei қазақстандық IT-стартаптардың орталығы Астана Хабта инновациялық орталық құру арқылы жоғары технологиялық жобаларды қолдауға өз үлесін қосты, стартаптардың технологияларды сынақтан өткізіп, Huawei-дің тәжірибесі мен шешімдерін қолдануына мүмкіншілік туғызды. Біз бұдан әрі де осы саланың дамуын ынталандыратын боламыз» деп баяндады.
2018 жылғы қарашада Huawei Астана Хаб технопаркінің аумағында бірлескен инновациялық орталығын ашып, қазақстандық стартап жобаларының мәдениетін дамытуға қолдау көрсете келе, сондай-ақ жергілікті әзірлеушілермен ынтымақтастыққа дайын екендігін көрсетті. Инновациялық зертхананы ашудың негізгі мақсаты - отандық стартаптар үшін Huawei-дің инженерлік ресурстарын пайдалануға мүмкіндік беретін технологиялық экожүйе құру, сонымен қатар олардың шешімдерін әзірлеу және сынақтан өткізу, теориялық білімдерін практикада өңдеуге мүмкіндік туғызу және компания сарапшылары өткізетін тренингтерге, семинарларға және семинарларға стартаптар мүшелерін қатыстыру арқылы мамандардың құзыреттіліктерін арттыру.
Huawei бірлескен инновациялық орталығы жұмысының негізгі бағыттары - қаржы, көлік, энергетика, мұнай-газ саласы және қоғамдық қауіпсіздік. Инновациялық орталық жоспарлау кезеңінде, жобаның аяқталғаннан кейінгі нақты өмірдегі кейпін алдын-ала көруге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар компания форум күндері студенттерге биыл ғана есігін ашқан ASTANA IT University аумағында Huawei-дің Ақпаратты-Коммуникациялық Технологиялар жайында білім беретін Huawei ICT академиясының тұсауын кесті. Аталмыш академия жас таланттардың IT-саласындағы білімдері мен дағдыларын әлемдік деңгейге шығаруға септігін тигізеді.