Қазақстан • 28 Қазан, 2019

Италияда Рахат-Би Әбдісағиннің жаңа шығармасы таныстырылды

445 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италияда қазақстандық жас композитор Рахат-Би Әбдісағин жаңа шығармасын таныстырды.

 

Италияда Рахат-Би Әбдісағиннің жаңа шығармасы таныстырылды

Италияның Милан қаласында Рахат-Би Абдысағинның «Сезілмейтін жұлдыздар серенадасы» туындысының әлемдік тұсаукесері өтті.

Бұған дейін 20 жастағы Рахат-Би Әбдісағин Италиядағы Санта Чечилия академиясының докторантурасын бітірген еді.

Сонымен бірге Р. Әбдісағин – Қазақстанның 100 жаңа есімі» байқауының жеңімпазы. Ол 10 жасынан бері ән жазумен шұғылданады.

Оның туындылары Италия, Аустрия, Франция, Англия, Германия, Швейцария, Испания, Чехия, Түркия, Қытай, АҚШ елдерінде қойылған. Рахат-Би бірқатар ғылыми мақалалар мен кітаптар шығарған, 14 жасында «Математика және заманауи музыка» еңбегін жазған. Қазақ, орыс, ағылшын, итальян және испан тілдерін меңгерген.