Аймақтар • 29 Қазан, 2019

Парасаттылық мектептері ашылды

406 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе аймағында тұрғындардың құқықтықсауаттылық деңгейін көтеру және адалдық пен парасаттылық қағидаларын орнықтыру жөнінде жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. 

Парасаттылық мектептері ашылды

Мұнда бұған дейін «Ақтөбе –адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен «Адал ұрпақ» атты мектеп клубтары құрылып, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл таныта бастады. Бұл бағытта таяуда облыста тағы бір іргелі қадам жасалып, өңірдегі колледждер мен жоғары оқу орындарының жанында парасаттылық мектептері ашылды.

Осы арқылы жас ұрпақтың бойына халқымыздың ежелгі салт-дәстүрлеріне сай рухани тәрбие негіздерін орнықтыру көзделген. Бір сөзбен айтқанда өңірде құрылған парасаттылық мектептері жастар мен студенттерге адалдық, парасаттылық және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік қасиеттерін сіңіруді мұрат тұтады.

Сонымен бірге оларды туған жер мен тұтастай мемлекетке адал қызмет етуге баулу ісі де қоса қарастырылған. Қалай дегенде де мұнда басты назар сыбайлас жемқорлық дертінің алдын ала білуге аударылған.