Президент • 29 Қазан, 2019

Қазақстан Президенті «Алматы – 2050» даму стратегиясымен танысты

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Алматы – 2050» даму стратегиясының жобасын таныстырды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президенті «Алматы – 2050» даму стратегиясымен танысты

Аталған бағдарлама бойынша Алматы қаласын әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, тұрғындардың тұрмысын жақсарту, қауіпсіз қала қалыптастыру, шаһардың шеткері аймақтарының инфрақұрылымын дамыту және басқа да көптеген маңызды мәселелер атқарылады. Сондай-ақ Алматы агломерациясы аумағының даму барысы да қарастырылған.

Қасым-Жомарт Тоқаев баспана кезегінде тұрған, асыраушысы жоқ 12 балаға пәтер кілтін табыс етті.

–Баршаңызға жаңа қоныстарыңыз құтты болсын! Баспана мәселесі әрдайым мемлекеттің назарында болады. Еңбектеріңіз табысты болсын! - деді Мемлекет басшысы.

Жалпы Алматы қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша баспанаға мұқтаж осындай 51 адамға тұрғын үй салынып жатыр.