Аймақтар • 29 Қазан, 2019

Таразда граффит жазулар жойылып, наркосайттар бұғатталды

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қоғам үшін талап пен тәртіп маңызды. Жамбыл облысында «Рефлекс-2019» жедел алдын-алу бойынша облыстық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Тараз қаласы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері синтетикалық есірткіні тарататын тұлғаларды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді.

Таразда граффит жазулар жойылып, наркосайттар бұғатталды

Шара нәтижесінде тұрғын үйлердің қабырғалары мен қоршауларына есірткі түрлерін насихаттайтын граффит жазулар жазған Тараз қаласының тұрғыны қолға түскен. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, жауапкершілікке тартылған.

Жамбыл облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, табылған жазулар алынып тасталған және синтетикалық есірткіні насихаттайтын интернет-сайттар бұғатталған. Сонымен қатар аталған департаменттің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласының үйлері мен ғимараттарының қабырғаларында граффит жазуларды алып тастау бойынша «Жасыл ел Тараз»  ұйымын тарта отырып, жүйелі түрде іс-шаралар өткізіп тұратынын мәлімдеді. Ал, қала бойынша 600-ге жуық жазба жойылған.