Аймақтар • 29 Қазан, 2019

Ақтауда «Менің туым – менің Отаным» акциясы жалғасын тапты

186 реткөрсетілді

Ақтаудағы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы қызметкерлері және жастар мемлекеттік Туды салтанатты түрде көтеру рәсімін өткізді.

Ел аумағында бастау алған акцияның мақсаты – мемлекеттік Туды насихаттап, жастардың туған еліне деген отансүйгіштігін ояту. Республика­лық акцияға Қазақстанның мемлекеттік Туын белсенді насихаттайтын сту­денттік жастар да үн қосты. Туды қастерлеу – әрбір азаматтың борышы, себебі бұл рәміз елдің егемендігі мен біртұтастығын білдіретін басты белгі болып табылады.

Республика бойынша жалғасқан бұл үрдіске «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының саяси жұмыстар бөлімі және Ақтау қалалық филиал қызметкерлері, қалалық мәслихат депутаты Қ.Есетов, «Nur Otan» партиясы МОФ партиялық бақылау инспекторы Р.Шалбаев  және  университет ұжымы ат салысты. 

-Шетелге шықсаңыз, туды жеке үйлердің аулаларына, көшелерде жиі кездесетінін байқайсыз. Тудың қастерлілігі қашанда басты назарда. Мәселен, Ұлы Отан соғысы кезінде қайда барса да туды тастамай, жыртылған жерін тігіп, алып жүрген, деген «Nur Otan» МОФ партиялық бақылау инспекторы Рақымжан Шалбаев Рахымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа ту тігу сәтіндегі естелігін жастардың есіне салды.

Соңғы жаңалықтар

Алтын Адам Афинада

Қазақстан • Кеше

Жастар жарады

Спорт • Кеше

Жерлестеріміз жоғарылады

Кәсіпқой бокс • Кеше

Фронт-кеңсе ашылды

Аймақтар • Кеше

Анаға тағзым етіңдер!

Руханият • Кеше

Он айдағы орнықты даму

Экономика • Кеше

Алматы аулалары абаттандырылады 

Аймақтар • 12 Қараша, 2019

Ұқсас жаңалықтар