Спорт • 30 Қазан, 2019

Күрес: Финалда кімдер күреседі?

462 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Венгрияның астанасы – Будапеште еркін күрестен 23 жасқа дейінгі балуандар арасында өтіп жатқан әлем бірінгшілігінің (U-23) бүгін алғашқы жүлделері сарапқа салынады.

Күрес: Финалда кімдер күреседі?

57 кило салмақтағы қазақстандық балуан Адлан Асқаров бұған дейінгі қарсыластарының барлығын жығып, финалға жолдама алғаны жайында біз бұған дейін де баяндағанбыз. Бүгін ол бас жүлде үшін таласады. Оның қарсыласы – кубалық Рейнери Эндрю Ортега.

Естеріңізге сала кетейік, кешегі күні жарыс жолына шыққан өзге үш жерлесіміздің барлығы да ұтылды. Атап айтсақ, Серік Бақытжанов (97 кило) пен Ілияс Жұмай (70 кило) ширек финалдық межеден аса алған жоқ. Серік ресейлік Шәміл Мұсаевтан ұтылса, Ілияс украиналық Алексей Борутаға есе жіберді. Ал Диас Асқар (79 кило) алғашқы айналымда моңғолиялық Батзул Жамжинге жол берді.

Сонымен бүгінгі финалдық сайыс мына балуандар арасында өтеді:

57 кило: Адлан Асқаров (Қазақстан) – Рейнери Эндрю Ортега (Куба)

65 кило: Тұран Байрамов (Әзірбайжан) – Такума Танияма (Жапония)

70 кило: Мирза Cхулухия (Грузия) – Чермен Валиев (Ресей)

79 кило: Тариэль Гафриндашвили (Грузия) – Әбубакар Абакаров (Әзірбайжан)

97 кило: Можтаба Мохамедшариф Голейж (Иран) – Шәміл Мұсаев (Ресей)